• kz

Жеңілдіктіпен автонесие беру бағдарламасының шеңберінде несие алуға мақұлданған сұранымдар туралы ақпарат

  1. ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарының отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде екінші деңгейдегі банктер арқылы негізделген қаржыландыру бөлігінде іске асырылу барысы туралы анықтама:

«Қазақстанның Даму Банкі» (ҚДБ, Банк) 2018 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша агент коммерциялық банктерге (барлығы - 6) Жеңілдікті автокредит беру бағдарламасының шеңберінде жеке тұлғалардан кредит алуға түскен 11 574 сұранымды шамасымен 47 437,7 млн теңгеге мақұлдады. Олардың ішінен екінші деңгейдегі 6 банк отандық көлік өндірушілердің автокөліктерін сатып алуға жалпы сомасы 45 709,9 млн теңгеге 11 170 кредит берді.

Екінші деңгейдегі банктер бойынша нақты келісілген және игерілген қаражатты топтастыру (млн теңге): 

Атрибут ALT для изображения
*тұру бастауыш және орта құралдарымен

Даму банкі агент банктердің Ұлттық қордан бөлінген кредит қаражатын игеруіне тұрақты мониторинг жүргізеді. Бағдарламаның шеңберінде  құрастырылуы Қазақстанда жүзеге асырылатын автомобильдерді сатып алуға жеке тұлғаларға кредит беру үшін Ұлттық қордан барлығы 26 млрд. теңге бөлінді.

Көлік өндірушілер бойынша нақты игерілген қаражатты топтастыру (млн теңге):  

Атрибут ALT для изображения
* тұру бастауыш және орта құралдарымен
** Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссия шешіміне сәйкес, автоөндірушілер және олар бойынша лимиттердің тізімін өзгертулер жүргізілді.

  1. Отандық өндірістің автокөліктерін сатып алатын жеке тұлғаларға кредит беру үшін негізделген қаржыландыру жолымен республикалық бюджеттің қаражаты есебінен "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның отандық автоөндірушілерді қаржыландыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы анықтама:

2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Даму Банкі екінші деңгейдегі банктердің жалпы сомасы 8 697,2 млн теңгеге автокредит беруге 1 720 өтінімін келісті. Оның ішінен екінші деңгейдегі банктер отандық автоөндірушілердің автокөліктерін сатып алу үшін жалпы сомасы 8 280,1 млн теңге болатын 1 635 кредит берді.

Екінші деңгейдегі банктер бойынша нақты келісілген және игерілген қаражатты топтастыру (млн теңге): 

Атрибут ALT для изображения

Көлік өндірушілер бойынша нақты игерілген қаражатты топтастыру (млн теңге):

Атрибут ALT для изображения

ҚДБ 2015 жылғы 20 сәуірде іске қосылған Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының операторы болып табылады. Банк ЕДБ-ден ҚДБ-ға келіп түскен өтінімдерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 271 қаулысымен бекітілген отандық өндірістің автомобильдерін сатып алатын түпкілікті  қарыз алушыларды қаржыландырудың мынадай шарттарға сәйкес келуі  мәніне келісуді жүргізеді: отандық құрастырылымдағы автомобильдің маркасы, 1 автомобиль бірлігінің ең жоғары құны, сыйақы мөлшерлемесі, кредит беру мерзімі. Төлем қабілетін қараумен, тексерумен және жеке тұлғалардың қарыздарын мақұлдаумен екінші деңгейдегі банктер айналысады.

Жеке тұлғаларға отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алуға кредит берудің ҚР Үкіметі бекіткен шарттары  мынадай: номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4 % аспайды, бұл ретте жылдық тиімді мөлшерлеме (автокөлікті сақтандыру және кепілге ресімдеу шығындарын қоса алғанда) жылдық 7,5 % аспауға тиіс. Кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды, қарыз валютасы – теңге, жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны – 15 млн. теңгеден аспайды.

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын қаржыландырудың револьверлік сипаты бар. Яғни, қолданыстағы кредиттерді өтеуден түскен төлемдер тағы да автокредит беруге жіберіледі.

Түпкілікті қарыз алушы – жеке тұлғаларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында құрастырылуы жүзеге асырылатын «Kia», «Chevrolet», «Skoda», Hyundai, «SsangYong», «Peugeot», «Toyota» және т.б. сияқты брендтер автомобильдерінің 61 моделі ұсынылады. 


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79