• kz

KAZ Minerals 2021 жылға дейін сульфидтік руданы қайта өңдеу көлемін екі есе ұлғайтады

Әзірше Ақтоғай өнімі 2017 жылы құрылысы аяқталған бір байыту фабрикасында өндірілуде. Құрылысты аяқтауға KAZ Minerals тобына берілген $300 млн мөлшеріндегі қаражатты Қазақстанның Даму банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілесі) бөлді.

«ҚДБ қаражатын игеру кен байыту фабрикасының құрылысын аяқтауға мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, Ақтоғай жобасы бойынша күрделі шығын $2 млрд. құрады. 2016 жылғы желтоқсанда банк жабдық сатып алуға және құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға қарыз берді, фабрикадағы алғашқы концентрат 2017 жылғы бірінші тоқсанның соңында өндірілді» - деп атап өтілді мыс өндіру компаниясында.

«Банк Ақтоғай КБК құрылысының шеңберінде 2016 жылғы желтоқсанда қуаты 25 млн тонна сульфидтік руданы қайта өңдеу жөніндегі байыту фабрикасының құрылысын қаржыландырды. Кәсіпорын есептік қуатқа шығып та үлгірді. Ақтоғай фабрикасының өнімі – сульфидтік рудадан алынатын концентраттағы мыс. Мыс бүгінде электр энергетикасында, телекоммуникацияларда және автомобиль өндірісінде кеңінен пайдаланылады» - деп атап өтті Қазақстанның Даму банкінің Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясының аға банкирі Бақытжан Омаров

KAZ Minerals хабарлағандай, топ бірінші жарты жылдық ішінде 118 мың тоннаның орнына – 140 мың тонна мыс өндіріп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мысты 18% көп өндірді.

«Ақтоғайдағы сульфидтік руданы қайта өңдеу жөніндегі байыту фабрикасының өткен жылмен салыстырғанда неғұрлым жоғары өткізу қабілеті өсудің негізгі қозғаушы күшіне айналды – екінші тоқсанда кәсіпорын есептік қуатқа қол жеткізді. 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында Ақтоғай КБК-да 60,5 мың тонна мыс: сульфидтік рудадан – 49 мың тонна мыс, оксидтік рудадан – 11,5 мың тонна катодты мыс өндірілді» - деп түсіндірді компанияда.

2021 жылдың аяғына дейін екінші фабриканың пайдалануға енгізілуімен қайта өңдеудің жалпы көлемі екі есе артып – 50 млн тоннаға жететін болады.

«2021 жылға дейін өндірістің жылдық көлемі сульфидтік рудадан алынатын мыс орта есеппен 90 мың тоннаны құрайды, 2022 – 2027 жылдар аралығында екінші байыту фабрикасында өндіріс іске қосылғаннан кейін ол 170 мың тоннаға дейін артады», - деп атап өтілді кәсіпорында.

Бұл ретте оксидтік рудадан алынатын мыс өндіру 2025 жылға дейін 20 мың тоннаға жуық көлемді құрайды.

Бозшакөл мен Ақтоғайдағы жобаларды іске асыру нәтижелерімен шабыттанған KAZ Minerals тобының директорлар кеңесі бүгінде «топтың ақша қаражатының мол жинақталуын қамтамасыз ететін және меншікті және қарыз қаражаты қатынасының жедел азаюына ықпал ететін ірі ауқымды, аз шығынды кәсіпорындардың қоржынына иелік ететінін» атап өтіп, бір акцияға 6 АҚШ центі мөлшерінде аралық дивидендтер төлеу туралы жариялады.

«Аралық дивидендті төлеу күні – 2018 жылғы 6 қыркүйек. Жай акцияларды ұстаушылар үшін есепті күн 2018 жылғы 7 қыркүйек болып табылады, ал дивиденд 2018 жылғы 3 қазанда төленетін болады», - деп нақтылады компанияда.

KAZ Minerals тобы – Қазақстандағы аса ірі мыс өндіруші. Топ Павлодар облысындағы Бозшакөл мен Шығыс Қазақстандағы Ақтоғай ашық түрдегі кеніштерде, Шығыс Қазақстандағы үш кеніш пен үш байыту фабрикаларында, Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде операциялық қызмет жүргізеді. 2017 жылы мыс өндірудің жалпы көлемі 259 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 58 мың тонна концентраттағы мырыш, 179 мың алтын унциясы және 3, 5069 млн күміс унциясы өндірілді.

Ақтоғай – Шығыс Қазақстан облысында Аягөз ауданының аттас кентіне жақын орналасқан ашық түрдегі аса ірі мыс кеніші. Әлемдегі игерілмеген ең үлкен мыс кен орындарының қатарына кіреді.

Жоба: қышқылды руда және сульфидтік руда кен орнындағы жұмыс сияқты екі бағытта әзірленеді. Кен орнының минералдық ресурстары 1,7 млрд тоннаны құрайды. Рудадағы мыстың жалпы мөлшері – 5,8 млн тонна. Сульфидтік рудаларды қайта өңдеу кезіндегі ілеспе өнім ретінде молибден концентраты шығарылатын болады.

Кенішті пайдаланудың күтілетін мерзімі болашақтағы КБК кеңейту жобасын (Ақтоғай ІІ) ескергенде – шамамен 28 жыл.

Оксид рудасынан катод мысын өндіру 2015 жылғы желтоқсанда басталды, сульфид рудасынан алғашқы мыс концентратын өндіру 2017 жылғы ақпанда басталды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79