• kz

ҚДБ: Шымкент МӨЗ өндірісті жаңғыртудың соңғы кезеңіне шықты

RFCC катализаторлық крекинг орнату – бұл зауытты жаңғырту жобасының екінші және технологиялық тұрғыдан ең күрделі кезеңі. Шикізатты осы қондырғыда өңдеу бүкіл МӨЗ-ді тұтастай жаңғырту мен реконструкциялаудың аяқталғанын білдіреді.

Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту жобасы Жаңа Индустрияландыру бағдарламасының шеңберінде 2011 жылы басталды. Өткен жылы Қазақстанның Даму банкі зауытқа осы мақсаттарды аяқтау үшін 13 жыл мерзімге 932 млн доллар кредиттік желі ашты.

«Шымкент МӨЗ жаңғырту және реконструкциялау жобасы екі кезеңде іске асырылады. Бірінші кезеңде кәсіпорын Кеден одағының елдерінде қабылданған К4 және К5 экологиялық сыныптарындағы бензин мен дизель отынын (Еуро-4 және Еуро-5 ұқсастары) шығаруды жолға қойды. Енді МӨЗ өз күш-жігерін қуатты ұлғайтуға жұмылдырады. Екінші кезеңнің мақсатына сәйкес зауыт 6 млн тоннаға дейін мұнай өңдеуге тиіс», - деп хабарлады Қазақстанның Даму Банкінің Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясының аға банкирі Серік Ахметов.

Шымкент МӨЗ «жүрегі» – катализаторлық крекинг қондырғысы – жылына 2 млн тоннаға дейін шикізат өңдеуге арналған. Тұтастай алғанда, осы қондырғы жұмысының нәтижесінде зауыттың өз қуаты 6 млн тоннаға дейін ұлғаятын болады.

«Бұл қондырғы өңдеу тереңдігін ұлғайту мүмкіндігін береді. Мазутты, ауыр мұнай қалдықтарын біз қайтадан өңдейміз және К-4, К-5 стандарттарына сәйкес келетін сапалы отын, дизель, бензин аламыз. Біз өткен жылы сапа бойынша позицияға өттік. Қыркүйекке қарай барлық жұмысты аяқтап, сандық көрсеткіштерді де арттыруды жоспарлап отырмыз. Шығарылатын өнім саны бойынша да, сапасы бойынша да жоғары болады», - деп атап өтті «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС RFCC катализаторлық крекинг кешенінің бастығы Болат Әбдуәлиев.

Осы қондырғыдан алынатын жоғары сапалы отынның алғашқы партиясын кәсіпорын графиктен озып, тамызда алуды күтуде.


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79