• kz

Макинск құс фабрикасы құс етін коммерциялық өндіруді бастады

Өндірістік қуаты жылына 25 000 тонна құс етін құрайтын бірінші кезегі ағымдағы жылғы қыркүйектің аяғында пайдалануға енгізілген Астанадан екі жүз километр жерде орналасқан Ақмола облысының Бұланды ауданындағы Макинск құс фабрикасы (бұдан әрі – МҚФ) өнім өндірісінің коммерциялық іске қосылғаны туралы жариялады. Оқиғаның салтанатты рәсімі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 11 желтоқсан сенбі күнгі телекөпір барысында өтті.

МҚФ бірінші кезегінің құрылысына қажетті инвестициялардың 33,5 млрд теңге болатын 50% жуығын «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк, ҚДБ) 10 жыл мерзімге 16,1 млрд теңге сомасындағы қарыз түрінде берді.

«Өнімді сатудың басталуы – өндірістік қуаттарды пайдалануға енгізуден кем емес оқиға, өйткені ол жобаның өміршеңдігіне үміт артуға мүмкіндік береді. Біздер қаржыландырушы тараптың өкілдері ретінде инвестициялық фаза аяқталғаннан кейін жобаның коммерциялық рельстерге шыққанына қуаныштымыз», - деп атап өтті ҚДБ Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекциясының аға банкирі Әсел Шитенова.

МҚФ-да өндірілген құс етінің 1 400 тонна көлеміндегі бірінші партиясы ағымдағы жылғы қарашада Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанның ет өңдейтін кәсіпорындарына жөнелтілген болатын. Ағымдағы жылғы желтоқсанда 2 000 тоннаға жуық өнім өндіру жоспарлануда, оның 23% дейіні елдің оңтүстік өңірлеріне жіберілетін болады. Фабрикада өндірілетін негізгі өнім – салқындатылған бройлер еті.

Ағымдағы жылдың соңына дейін кәсіпорында қаптау жабдығын монтаждау аяқталатын болады. 2019 жылғы қаңтардан бастап МҚФ толық автоматтандыру режимінде жұмыс істейді, соның нәтижесінде құс фабрикасының «КусВкус» брендіндегі өнімі бөлшек саудада пайда болады.

2019 жылы МҚФ бірінші кезектің – жылына 25 000 тонна өнім өндіру толық жобалық қуатына шығуды, сондай-ақ осындай қуаттағы екінші кезектің құрылысын салуға кірісуді жоспарлауда.

Бұған дейін хабарланғандай, МҚФ-ның бірінші кезегі тоғыз өндірістік алаңды, соның ішінде: инкубаторды; әрқайсысы он екі құс қорасынан тұратын төрт бройлерлік бөлімді; құс өңдеу зауытын; компост-желіні; қосалқы алаңды (төсеніш жасау цехы); азық өндіру цехын қамтиды. 2020 жылдың екінші жартысына жоспарланған екінші кезек пайдалануға енгізілгеннен кейін МҚФ сағатына 9 000 бройлер өңдеу қуатымен құс етін өндіру көлемі бойынша Орталық Азия өңіріндегі ең ірі фабрикаға айналады. Екінші кезек пайдалануға енгізілгеннен кейін кәсіпорынның қуаттары Қазақстанның ішкі нарығының құс етіне деген сұранысын 15% дейін қанағаттандыруға мүмкіндік береді (2017 жылы ҚР Құс өсірушілер қоғамының деректері бойынша елде құс етін тұтыну 341 000 тоннаны құрады), бұл өз кезегінде өнім импортының үлесін қазіргі 50,4%-дан 32,6% дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Макинск құс фабрикасы Астана қаласының, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарының нарықтарына бағдарланған.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79