• kz

Қазақстанның Даму Банкі облигацияларды KASE орналастырды

2019061912041391552_untitled-1.jpg

Осындай сәтті орналастыру Банк үшін ағымдағы жылы бірінші рет болды және ол Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында институционалдық инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар тарапынан сапалы және өздерін жақсы жағынан көрсеткен эмитенттердің қаржылық құралдарына деген жоғары қызығушылығының бар екендігін тағы бір растау болып табылады.

Банк тарапынан орналастыруға 30 млрд теңге сомасына облигациялар ұсынылды. Аукционның барысында сатып алуға өтінімдер жалпы көлемі 33,5 млрд теңге болатын алты қатысушыдан келіп түсті, бұл Банк тарапынан болған ұсыныстан 12% асып түсті.

Сауда-саттықтар барысында Банк 27,5 млрд теңге сомасына жылдық 10% деңгейіндегі өтеуге кірістілік бойынша өтінімдерді қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. KASЕ деректері бойынша сатып алушылардың қатарына екінші деңгейдегі банктер, институционалдық инвесторлар және заңды тұлғалар – брокерлік компаниялардың клиенттері кірді.

Банк үшін бұл орналастырудың таяудағы уақытта соңғы болмайтынын атап өту қажет.

Листинг және облигацияларды орналастыру процесінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ны сүйемелдейтін қаржылық консультант және андеррайтер «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ болып табылады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79