• kz

ҚДБ: «АтырауМұнайМаш» ЖШС-ны жаңғырту сәтті өтті

20191011_160314.jpg

Зауытты дамыту жөніндегі жобаның іске асырылуының арқасында жұмыс істеп тұрған өндірістік алаңдар жаңғыртылып қана қоймай, олардың жаңаларын да салудың сәті түсті. Мәселен, салтанатты шара кезінде грейтинг және ыстықтай мырыштаудың озық цехы таныстырылды, Батыс Қазақстан өңірінде оған тең келетін өндіріс жоқ. Ол барынша автоматтандырылған және жоғары сапаға кепілдік беретін еуропалық және америкалық жабдықтармен жарақтандырылған. Жаңа цехтың ыстықтай мырышталған болаттан жабдық шығаруға мүмкіндік беретінін атап өту қажет. Мұндай материалдан жасалған конструкциялар жоғары өрт қауіпсіздігін иеленеді, өйткені олар металдың жануының алдын алатын коррозияға қарсы қорғаныспен қапталады. Бұл шығарылатын жабдықтың қызмет ету мерзімін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Зауыт өкілдерінің айтуы бойынша, қазірдің өзінде еңбек өнімділігінің жағымды өсімі сезіледі, өйткені мұндай өзгерістер енді халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тауарлар желісін кеңейтуге ықпал етті. Сапа туралы мәселеге зауытта ерекше көңіл аударылады. Кәсіпорынды жаңғырту шеңберінде бұрыннан бар меншікті сынақ-механикалық зертхананы жаңғыртудың, сондай-ақ жаңадан химиялық зертхана салудың сәті түсті.

Оның үстіне, секцияларды құрастыру және дәнекерлеу станциялары жаңартылды, енді олар ең қысқа мерзімде бірегей бұйым жасауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялы фин жабдығымен жарақтандырылды. Мысалы, олар диаметрі 12 метрге дейінгі, салмағы 1500 тонна және ұзындығы 120 метр сплиттерлер. Салыстыратын болсақ, егер бұған дейін осындай өнімді жасауға 150 қызметкер/сағат тартумен жарты жылға жуық уақыт жұмсалса, енді қазір оған 1,5 айдан аспайтын уақыт және 20 қызметкер/сағат кетеді.

«АтырауМұнайМаш» ЖШС өкілдері атап өткендей, жаңғыртылған өндірісті іске қосу ынтымақтастық шекарасын кеңейтеді және жаңа өткізу нарықтарын ашады. Қазірдің өзінде кәсіпорында өндіріс көлемінің ұлғаюына мүдделі негізгі тұтынушылар бар – олар Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының өнеркәсіптік кәсіпорындары, ТШО, NCOC, KPO, KPI және CNCEC сияқты компаниялар.

20191011_150718.jpg

АтырауМұнайМаш» зауыты – клиентке бағдарланған кәсіпорын, біз нарықтың қазіргі заманғы талаптарын қадағалап отырамыз және жұмыстың сапасы мен тиімділігін тұрақты арттыра отырып, оларға ілесуге тырысамыз, өндіріс бағытын өзгертеміз, бір сөзбен айтқанда, сұранысты ұсыныспен қамтамасыз етеміз. ҚДБ сияқты мемлекеттік даму институттарының біздің ісіміздің Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығын түсінетіні қуанышты. Біздің бірлескен жобамыздың арқасында Республиканың мұнай-газ саласы үшін жоғары сапалы күрделі жабдық дайындау кезінде қазақстандық қамту деңгейін арттырудың сәті түсті»,

- деп атап өтті «АтырауМұнайМаш» ЖШС бас директоры Александр Донсков.
Жобаның құны 15,2 млрд теңгені құрады, Даму Банкі желісі бойынша зауытты жаңғыртуға 14 жыл қарыз мерзімімен 9,5 млрд теңге бөлінді. Жоба Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылған. «АтырауМұнайМаш» ЖШС-ның өз қатысуы – 5,8 млрд теңге, қаражаттың негізгі компания «ANACO» ЖШС таза пайдасынан қалыптастырылғаны қызғылықты, ол инвесторлардың Қазақстан экономикасын дамытуға мүдделілігінің көрсеткіші болып табылады. Қарыз қаражатының негізгі сомасы осы заманғы құрастыру-монтаждау, қосалқы, сырлау цехтарының, сондай-ақ грейтинг және торлы төсеніштер цехының құрылысына, гараж, әкімшілік-тұрмыстық корпус, химиялық зертхана құрылысына, сондай-ақ сынау-механикалық зертхананы жаңартуға жіберілді. Соған қарамастан, кәсіпорынды жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың толық кешенінде персоналды оқыту да аса маңызды рөл атқаратынын атап айту қажет, өйткені «АтырауМұнайМаш» ЖШС – өзінің қызметкерлері командасына ерекше қарым-қатынастарымен аты шыққан зауыт. Зауыттың барлық 350 қызметкері барынша қолайлы жағдайларда өздерінің біліктілігін арттыруының бірегей мүмкіндігін иеленеді – бұл жерде алаңы 936 шаршы метр, оқыту және аттестаттау өткізу үшін қажетті құралдармен жабдықталған дәнекерлеушілер мектебі бар.

20191011_143250.jpg
Александр Донсков, Сағат Түгелбаев, Әділ Исмағамбетов

Қаржыландыруға арналған жобаларды қарау кезінде ҚДБ олардың әлеуметтік құрауышына ерекше назар аударады. Біз үшін қанша жергілікті тұрғынның қолайлы жағдайда еңбекке орналасу мүмкіндігін алатыны маңызды. Оның үстіне, біз отандық кәсіпорындардың өндірісті жаңғыртуға деген ұмтылысын әрқашан қолдаймыз, өйткені әлемдік экономика бір орнында тұрмайды, жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта қарауды, өнім сапасын басқарудың жаңа озық жүйелерін енгізуді және т.б. талап ететін жаңа технологиялар пайда болуда. Жаңартылған «АтырауМұнайМаш» ЖШС-ны бүгінгі іске қосу бүкіл өңірге оң серпіліс береді деп есептейміз»,

- деді ҚДБ Басқарушы директоры Әділ Исмағамбетов.
«АтырауМұнайМаш» ЖШС-ның – Қазақстан Республикасында ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де мұнай-газ, мұнай-химия, тау-кен және энергетика салалары үшін жабдықтар өндірісіндегі көшбасшы екендігін еске саламыз. Машина жасау зауыты өнімнің сан-салалы түрлерін шығарады: олар қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, колонналар, реакторлар, жылу алмастырғыштар, жылытуға арналған пештер, металл конструкциялары, мұнай өнімдерін тасымалдауға және ASME, API, DIN, ISO, GOST стандарттары бойынша сақтауға арналған резервуарлар.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79