• kz

ИИДМБ 2 аясында ҚДБ-мен қандай жобалар мақұлданды

модернизация НПЗ в Шымкенте_2.jpg

Дағдарысқа тап келген кезеңде (2015-2016 жылдары елдің ЖІӨ өсуі 1,0-1,2% деңгейінде болды) төмен пайызбен ұзақ мерзімге ақша беруге коммерциялық банктердің дайын болмағандығын атап өту қажет. Сондықтан жаңадан ірі кәсіпорындар салуға және жұмыс істеп тұрғандарының қуаттарын кеңейтуге қаражаттың қажетті көлемін қарастыру сектордың барынша ірі ойыншысы – Қазақстанның Даму Банкіне (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тапсырылды. Оның үстіне ұлттық даму институтының арсеналында тіпті «нөлден басталатын» жобаларға орта және ұзақ мерзімді қарыз беруден бастап дайын өнімді экспорттауға кредит беруге дейінгі қаржы құралдарының кең қоржыны болды.

ҚДБ халықаралық жоғары рейтингтерге (бүгінгі таңда Moody's халықаралық рейтингтік агенттігінің «Baa3/позитивтік», Fitch – «BBB-/тұрақты», S&P – «BB+/тұрақты») ие бола отырып, мемлекеттік қаржыландыру көздерінен басқа, отандық нарықтан да, сонымен бірге шетелдік нарықтан да ақшаны сәтті тарта алады. Мәселен, Ұлттық қордан бөлінген 75 млрд теңгеге қаражаттың 150 млрд теңгесі нарықтан тартылды, ал республикалық бюджет қаражатының 178 млрд теңгесіне – 178 млрд теңге нарық қаражаты келді. Соның нәтижесінде ИИДМБ-2 жобаларын қаржыландыруға Банк жалпы қорытындысында 581 млрд теңге тартты. Осының арқасында Банк бағдарламаның шеңберінде жалпы сомасы 480,5 млрд теңге болатын (оның ішінде 253 млрд теңге мемлекеттік көздерден) 24 жобаны қаржыландыруды мақұлдады, бұл ретте қаржыландыру үшін қол жетімді сома 100,5 млрд теңге болды.

Ұлттық қордың қаражатына транзиттік әлеуетті іске асыруға және «жасыл» экономикаға» көшу үшін жағдайлар жасауға ықпал ететін инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды. Аса ірі көлік-логистикалық жобалар: Астана халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын реконструкциялау (90,4 млрд теңгенің ИИДМБ-2 шеңберінде 3,9 млрд теңгесін және басқа да көздерден и 29,6 млрд теңгесін ҚДБ бөлді), Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту (86 млн АҚШ долларының ИИДМБ-2 шеңберінде 10,9 млрд теңгесін және 52,8 млн АҚШ долларын ҚДБ қаржыландырды). ҚДБ «Тұрғысын-1» шағын ГЭС құрылысына қолдау көрсетті (ҚДБ 13,4 млрд теңге болатын жоба құнының 5 млрд теңгесін ИИДМБ-2 шеңберінде бөлді).


Республикалық бюджеттің қаражаты Қазақстан экономикасының экспорттық-өнеркәсіптік әлеуетін нығайтатын жобаларға жіберілді, сондай-ақ ол ішкі нарықты қамтамасыз етумен байланысты байырғы проблемаларды шешуге мүмкіндік берді. Осы шоғырдан екі жоба айқын экспорттық бағдарлануымен ерекшеленеді, олар – Asia Trafo компаниясының Шымкенттегі 110 және 220 кВ кернеу сыныбындағы күштік трансформаторлар жасайтын зауыттың І кезегінің құрылысы (19 млрд теңгенің 8,6 млрд теңгесін – 45%-ын ҚДБ бөлді) және YDD Corporation компаниясының Қарағанды облысындағы қуаты 96 мың тонна жоғары маркалы ферросилиций өндіретін зауыттың құрылысы (құны 36,6 млрд теңге жобаның 24,1 млрд теңгесін ҚДБ қаржыландырады).

Салқындатылған құс етіне деген ішкі сұранысты Макинск құс фабрикасы мегажобасы қанағаттандыруға тиіс: бір жылдағы өнімділігі тірі салмақта 60 мың тонна болатын бройлерлер өсіру жөніндегі құс фабрикасының құрылысы жобасының жалпы құны – 52,4 млрд теңге, оның ішінде ҚДБ қаражаты шамамен 30,5 млрд теңгені (58%) құрайды. ЖЖМ жергілікті нарығындағы тапшылық проблемасын шешкен Қазақстан мұнай-химиясындағы аса ірі жоба да индустрияландырудың екінші бесжылдығында ҚДБ қатысуымен іске асырылды. Шымкент МӨЗ реконструкциялауға және жаңғыртуға бөлінген 1,9 млрд доллардың 932 млн доллары (49%) – ҚДБ қаражаты.


ИИДМБ-2 бойынша қарыз алған ҚДБ жобаларының толық тізімі:

  • Темір жол доңғалақтарын жасау бойынша кешен құру, «Проммашкомплект» ЖШС;
  • Ақтөбе қаласында жобалық қуаты жылына 430 мың тонна рельс-арқалық зауытын салу, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС;
  • Дайын өнім шығару жөніндегі қуатты ұлғайтумен минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту «ҚазАзот» АҚ;
  • Қарағанды қаласында өндіріс көлемі жылына 96 000 тонна болатын ферросилиций өндіру зауытын салу, «YDD Corporation» ЖШС;
  • Шымкент қаласында 110 және 220 кВ кернеу сыныбындағы күштік трансформаторлар жасайтын зауыт салу, «Asia Trafo» ЖШС («Азия Трафо»);
  • Бір жылдағы өнімділігі тірі салмақта 60 мың тонна болатын бройлерлер өсіру жөніндегі құс фабрикасының І және ІІ кезегін салу, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС;
  • Мұнай машиналарын жасау зауытын дамыту, «АтырауМұнайМаш» ЖШС;
  • Шымкент қаласында көлік-логистикалық орталық салу, «Continental Logistics Shymkent» ЖШС;
  • Шығыс Қазақстан облысында Тұрғысын ГЭС салу, «Тұрғысын-1» ЖШС;
  • Нұрсултан Назарбаев халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын реконструкциялау, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ;
  • Қаратау қаласында қуаты 15 000 тонна цианисті натрий зауытын салу, «Talas Investment Company» ЖШС;
  • Қызылорда облысының бес елді мекенін газдандыру, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ;
  • Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту, «Ақтау халықаралық теңіз порты» АҚ;
  • «Жылға» фотовольттық электр станциясын салу, «EcoProTech-Astana» ЖШС;
  • ҚР аумағында LTE/GSM/UMTS желілерін енгізу, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ;
  • К5 экосыныбындағы мотор отындарын өндіру, «Конденсат» АҚ;
  • Қарағанды облысындағы Жәйрем кентінде қуаты жылына 5 млн тонна болатын полиметалл рудаларын қайта өңдеу жөніндегі кен байыту комбинатын салу, «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ;
  • Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС;
  • Мұнайды тереңдетіп қайта өңдеу кешенін салу, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС;
  • Шымкент қаласында метил-трет-бутил эфирін өңдеу заытын салу, «Шымкент химия компаниясы» ЖШС.

«ИИДМБ-2 дамыту Банктің кредиттік қоржынын әртараптандыруға және ел экономикасының шикізаттық емес секторын дамытуға мүмкіндік берді. Валюта бағамы өзгерісінің айтарлықтай әсерін ескеретін болсақ, Бағдарлама бойынша ақша валюталық тәуекелге ұшырағыш кәсіпорындарға қолдау көрсетуге дәл жіберілді, ал ол қаржылық тұрақтылықты нығайтуға әкелді. Ал қаржылық тұрақтылық кәсіпорынға не береді? Ол өнім өндіруге, оны Қазақстанда сатуға және шетелдік нарықтарға жөнелтуге, өз қызметкерлеріне жалақы төлеуге, мемлекеттік қазынаға салықтар есептеуге, өздерінің кредиттік міндеттемелерін уақтылы орындауға және т.б. мүмкіндік береді, - деп атап өтті ҚДБ басқарушы директоры Бақытжан Омаров.

Бахытжан Омаров.jpg

ИИДМБ-2 бойынша ҚДБ-дан қарыз алған кәсіпорындарда жаңадан 4,47 мың жұмыс орындары құрылды. 2019 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша осы компаниялар 516 млрд теңгенің өнімін сатты, оны 387 млрд теңге сомасында экспорттады, ал олардың бюджетке салық аударымдары 57 млрд теңгені құрады» - деп түйіндеді ҚДБ басқарушы директоры.

2025 жылға дейінгі индустрияландырудың үшінші бесжылдығында ҚДБ индустрияландыру операторы және шикізаттық емес салаларды дамыту мемлекеттік бағдарламаларының агенті функциясын сақтайды. Осы функцияны орындау кезінде қаржы институты өз назарын ҚР заңнамасының экологиялық талаптарын сақтауға және экологиялық менеджмент саласындағы озық практикаларды қолдануға аударатын болады.

Өндіріс көлемі мен өңделген тауарлардың номенклатурасын кеңейту, стратегиялық жобаларды іске асыру есебінен өндірістік қуаттарды ұлғайту, технологиялық даму және цифрландыру сияқты ИИДМБ-3-те берілетін негізгі мақсаттар – Қазақстанның осы заманғы қаржы нарығы жағдайында Қазақстанның Даму Банкінің қатысуынсыз орындалуы мүмкін болмайды.

ҚР индустриялық-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасында (ИИДМБ) негізгі назар өңдеу секторындағы экспортқа бағдарланған өнім өндірушілерге аударылатын болады. ҚДБ қолдау механизмдерінің арасында: тікелей жеңілдетілген кредит беру, экспорт алды және экспорттық қаржыландыру, сондай-ақ ҚДБ-Лизинг еншілес құрылымының желісі бойынша жобаларды және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін лизингтік қаржыландыру бар.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79