• kz

Қазақстандық бизнес карантин кезеңінде астана тұрғындарына қалай көмек қолын созып жатыр

Елде коронавирустың алғашқы оқиғасы анықталғаннан кейін 18-ші күні COVID-19 жұқтырғандардың саны төрт жүзден асты, олардың көпшілігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркелді. Аурудың жедел таралуы қазақстандықтар үшін күтпеген жағдай болды: бар-жоғы бірнеше күннің ішінде еліміздің екі бас қаласының тұрғындары теріске шығару фактісінен жалпы үрейге бой алдырып, бірінші қажеттілік тауарларын жаппай сатып алуға кірісті. Бүгінде барлығымызды толғандыратын басты мәселе: біз голливудтың постапокалиптикалық фильмдерінің сценарийі бойынша әрекет етудеміз бе деген сауал болды. «Аitas KZ» АҚ бас директорының сөзі бойынша кез келген дағдарыс – ол әрқашан жаңа мүмкіндіктер.

~6455950.jpg

Елге, бизнеске және тұтынушыларға көмектесу мүмкіндіктері:
1. Компания коронавирус инфекциясына қарсы күреске 200 млн теңге бөледі.
2. Компания «Кус&Вкус» брендінің өнімдеріне бағаны көтермейді.
3. Халықты кідіріссіз жабдықтау үшін еттің 1000 тонна азайтылмайтын қалдығын қамтамасыз етеді.
4. Осы жағдайда басқаруды ұйымдастыру бөлігінде Холдингтің басқа компанияларға көмектесу құжаттары https://aitas.kz сайтында ашық қол жетімділікте орналастырылған.
Атап айтқанда, «Кус&Вкус» брендімен салқындатылған және мұздатылған құс етін шығаруға маманданған «Макинск құс фабрикасы» ЖШС құс етін астанаға кідіріссіз жеткізуді жалғастыруда. Республика үкіметі қолданып отырған қатаң карантиндік шаралар жағдайында өнім өткізудің жоғары қарқыны баяулаған жоқ.

«Ақмола облысының Макинск құс фабрикасындағы өндіріс тоқтап тұрмайды, штаттық режимде жұмыс істейді, өйткені әсіресе төтенше жағдайлар кезеңінде астанаға жеткеізілімдерді кідіртуге болмайтынын біз түсінеміз. Компания төтенше жағдайлардың қолданылуы кезеңіне арнап резерв жасау үшін еттің бір мың тонна азаймайтын қалдығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер қабылдады. Логистика жолға қойылған, ол үшін біз «астанаға «жасыл дәлізбен» өту үшін барлық құжаттар мен рұқсаттарды алдын ала дайындадық», деп өз ойымен бөлісті «Аitas KZ» АҚ бас директоры Серік Толықпаев.

Компания өкілдерінің айтуынша, ұйым өндірістің стерильдігі мен тазалығын, сондай-ақ әсіресе пандемияның таралуы кезеңінде өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне жауапкершілікпен көңіл аударады. Бүгінгі таңда Макинск құс фабрикасында биологиялық және санитариялық қауіпсіздік нормалары қатаңдатылған. Оның үстіне, өндірістік цехтарға ену барынша шектелген, кіруді бақылау күшейтілген. Санитариялық өңдеу жүргізу жиілігі ұлғайтылған. Әрбір қызметкер жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген. Санитариялық өңдеуге арналған заттар жеткілікті мөлшерде сатып алынған.

~6470440.jpg

Басшылық өндіріс көлемінің қысқаруының алдын алу үшін құс фабрикасының бұрынғы жұмыс режимін сақтау туралы шешім қабылдады. Экономикада қалыптасқан жағдайға қарамастан, өнімнің бағасы бұрынғы деңгейінде сақталып отыр. Оның үстіне, компания қызметкерлері «Макинск құс фабрикасы» ЖШС өнімінің нарықтағы құнымен байланысты жағдайды қадағалап отырады. Мұндай шешім отандастарды жергілікті өндірістің сапалы өнімімен қамтамасыз ету және әсіресе астанадағы сатып алушылардың жүрегін жаулап үлгірген біздің «Кус&Вкус» брендіне халықтың сенімін сақтау мақсатында қабылданды. Макинск құс фабрикасы сонымен қатар өнімдерін Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарының және Алматы қаласының нарықтарына жеткізуді жүзеге асырады.

Макинск құс фабрикасының бірінші кезегінің ұлттық экономиканы әртараптандыру және өңірлерді қолдау үшін республикадағы ауқымды жобаларды іске асыруға маманданған ірі даму институты – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қолдауымен 2018 жылы іске қосылғандығын білеміз. Құс фабрикасының бірінші кезегінің құрылысына ҚДБ 10 жыл мерзімге 16,1 млрд теңге бөлді. Жобаның ИИДМБ-2 шеңберінде қаржыландырылғанын атам өтеміз. Екі жыл өткен соң құс фабрикасы Ақмола облысының Бұланды ауданында өңірдегі аралас бизнесті дамытуға оң серпін берген қала құраушы кәсіпорынға айналып үлгірді.

~3048412.jpg

Қазір құс фабрикасының екінші кезегінің құрылысы толық қарқында жүріп жатыр, оның аяқтау ағымдағы жылдың соңына жоспарланған. Оның іске қосылуымен өндіріс көлемін 60 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда, ал жұмыс орындарының саны 950-ден 1300 адамға дейін кеңейтілетін болады. Бүгінгі күні кәсіпорын ҚДБ алдындағы барлық міндеттемелерін өтеп қана қоймай (сөз реті келгенде, ҚДБ осы жылдың ақпанында ИИДМБ-2 шеңберінде құс фабрикасының екінші кезегінің құрылысына тағы бір кредиттік желі ашты, қарыз сомасы 10 жыл мерзімге 14,3 млрд теңгені құрады), сонымен бірге пандемияға қарсы күресте отандастарына қолдау көрсетуге де қабілетті.
«Макинск құс фабрикасы Банк қаржыландырған жобалар өңірлерді дамытуға елеулі үлес қосатын, жаңа жұмыс орындарын ашатын, бюджетке салық аударымдарын төлейтін, сол арқылы өңірлердің және тұтастай елдің экономикасының өсімін қамтамасыз ететін, сондай-ақ маңызды істі – импорт алмастыруды қамтамасыз ететін мысалдардың бірі болып табылады. Компания басшылығы өнім өндірісін ұйымдастыру бойынша тамаша нәтиже көрсетті, соның арқасында құс фабрикасының екінші кезегін салу қажеттілігі туындады, оны қаржыландыруды Банк те қолдайды», - деді ҚДБ Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов.

«Аitas KZ» АҚ басшысы Серік Толықпаев ауыл шаруашылығы саласындағы аса ірі өндірістік компаниялардың бірі болып табылатын ұйым дағдарыстық жағдайлар кезінде өзінің басқару тәжірибелерін басқа бизнесшілермен бөлісуге дайын екендігін айтты. Нақ сол мақсатта COVID-19 карантині кезінде кәсіпкерлерге көмек үшін https://aitas.kz сайтында бизнесшілерге пандемияға және мұнай өнімдеріне бағаның түсуіне байланысты сын тегеуріндерге жүйелі түрде жауап беретін материалдар ашық қол жетімділікте орналастырылған.

IMG-20200401-WA0039.jpg

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79