• kz

Дағдарыстағы өсу нүктелері: Қазфосфат өнім экспортын қалай арттырады?

0110.jpg

Компанияның өнімдері әлемнің 26 еліне экспортталады және әртүрлі салаларда кеңінен қолданылады: сары фосфор және оның өңделген өнімдері өсімдіктерді қорғау құралдарын, инсектицидтерді, өрт сөндіру құралдарын, пластификаторларды, металл беттерін және жартылай өткізгіштерді өңдеуге арналған құралдарды өндіруде қолданылады. Сонымен қатар, өнімдер тағамдық қоспаларда (фосфор қышқылының тұздары), жуғыш заттар мен жеке гигиена құралдарында, ауыл шаруашылығындағы тыңайтқыштарда, жануарлар мен құс шаруашылығындағы жемшөп фосфаттарында қолданылады.

Компанияның жетістігі қызметкерлер мен олардың қызметі үшін сенімді мотивация жасайтын білікті командаға байланысты. Бүгінде «Қазфосфат» ЖШС кәсіпорындарында 6 172 адам жұмыс істейді, оларды өз ісінің шебері Искандиров Мұқаш Зұлқарнайұлы басшылық етеді. Оның айтуынша, кәсіпорын қызметкерлері атқаратын лауазымына қарамастан, кәсіпорынның тағдыры олардың жұмысына байланысты екенін түсінуі керек.

01.10..jpg

«Біздің еңбек ресурстарымыз аса құнды. Кәсіпорындардың өміршеңдігі, әсіресе дағдарыс сәттерінде, көбінесе жұмысшылардың құқықтарын құрметтеуге негізделген басшылық пен жұмысшылар арасындағы салауатты қарым-қатынасқа байланысты. Компанияның қоғам алдындағы жауапкершілігі табысты өндірістік қызметті, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер мен олардың отбасыларына қамқорлық жасауды, облыс тұрғындарымен өзара іс-араны қамтиды. Сондықтан біз үшін өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыс орындарындағы қауіптер мен қатерлерді анықтау, сондай-ақ өз қызметкерлеріміздің лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету және Жамбыл облысының әлеуметтік - экономикалық дамуына жәрдемдесу маңызды», - деп атап өтті Мұқаш Ескендіров.

2P8A9767-.jpg

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында компания көп жағдайда дағдарысқа қарсы жұмыс қарқыны мен экспорт көлемін сақтай алды.

Дайын өнімді экспорттаушы ретінде Қазфосфат ұлттық валютада қарыз беру және пайыздарды субсидиялау арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Мысалы, #Қазақстанның Даму Банкі экспорттаушыларды қолдау бағдарламасы аясында 2015 жылы теңгемен экспорт алдындағы операция үшін шикізат, материалдар мен қызметтерді сатып алуға несие желісін ашты.

«Біз алған сома бізді толығымен қанағаттандырады және біз ҚДБ-мен одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз. Қазақстанның Даму Банкінің бар болуы еліміздің экономикасының дамуын ынталандыратынын атап өту керек», - деп атап өтті Мұқаш Ескендіров.

Бұл компания үшін ҚДБ-мен алғашқы ынтымақтастық емес, бұған дейін Банк банкаралық кредиттеу шеңберінде фосфор тыңайтқыштарын өндіру мен сату көлемін 2 есе арттыруға мүмкіндік берген экстракциялық фосфор қышқылын өндіру цехын қайта жаңарту үшін 5 млрд теңге бөлді. Қазіргі уақытта өндіріс қуаттылығы жылына 500 мың тоннаны құрайды.

NDFZ-580.jpg

«Міне, бес жыл бойы Қазақстанның Даму Банкі мен Қазфосфат арасында сенімді серіктестік қатынастар қалыптасып келеді. Банк «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының операторы болып табылады және өз мандаты шеңберінде отандық экспорттаушыларды, атап айтқанда, «Қазфосфат» ЖШС компаниясын қолдайды. Бүгінгі таңда банкте Қазфосфат үшін 7 млрд теңге сомасына жаңартылатын несие желісі ашылды, қаржыландыру мақсаты - экспортқа жеткізілетін дайын өнімді одан әрі өндіру үшін шикізат сатып алу», - деп қосты ҚДБ клиенттермен жұмыс жүргізу дирекциясының банкирі Мадина Баймен.

Мадина.jpg

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79