• kz

Даму банкі Басқарма Төрағасының құттықтау сөзі

Саркулов Абай.jpg

Осындай құндылықтарды қайта қарау үрдісі Қазақстанның Даму Банкі үшін де өзекті: осы жылы Банк Даму стратегиясын өзектендіруді бастады, тұрақты даму мен технологиялық прогреске ерекше көңіл бөлінді, қаржыландыру әдістері өзектендірілді, сондай-ақ ұсынылатын бірқатар қызметтер автоматтандырылды.

Осы жылдың күрделілігіне қарамастан, Банк жыл сайынғы жобаларды қаржыландыру көлемін ұстап тұра алды. ҚДБ осы жылда Қазақстан экономикасына 506,18 млрд теңге инвестиция салды (2019 ж - 481 млрд). 13 жаңа жоба мақұлданып, 9 жоба пайдалануға берілді. Бұл жобалардың барлығы капиталды қажет етеді, жоғары әлеуметтік-экономикалық және мультипликативті тиімділікке ие. Осы жеті жобаның арқасында түрлі өңірлерде 1 900 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі шынайылықта, бүкіл әлем бойынша жұмыс орындарының қысқаруы жүріп жатқан кезде, бұл әлеуметтік әсер ең маңызды болып табылады деп есептеймін

одобренные.pngв экспл.pngэкспорт.png

Жаңа жыл қарсаңында әрқайсыңызға барлық қиындықтар мен түйіндерді артта қалдырып, 2021 жылды үміт пен бақытқа толы жүрекпен қарсы алуды тілейміз!

Жаңа жыл жағымды жаңалықтарға, сәтті бастамаларға және игі іс-әрекеттерге толы болсын. Сіздерге денсаулық, бақ-береке, барлық бастамаларыңызға сәттілік пен табыс тілейміз!

Ұлттық экономиканы әртараптандыруға және әлеуметтік маңызды инфрақұрылымдық жобаларды ілгерілетуге жауап беретін мемлекеттік даму институты бола отырып, біз жүзеге асырып жатқан жобалар үшін екі есе жауапкершілікті сезінеміз, олардың табысты жүзеге асырылуы отандастарымыздың әл-ауқаты мен қазақстандық бизнестің дамуына тікелей әсер етеді. Сол себепті біз, жаңа 2021 жылы ҚДБ командасы бұрынғыдай жобаларды қаржыландыруда оң қарқынды ұстанатынына сенеміз.

Барлық серіктестерімізге, клиенттерімізге және достарымызға күн сайын бізге көрсетіп отырған қолдауларыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

НГ1.png

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79