• kz

АМӨЗ қысқы дизель отынын шығаруды бастады

Установка производства параксилола.JPG

Атырау МӨЗ шығарылатын өнім түрлерін кеңейтті. 2021 жылғы қаңтарда зауытта шекті қату температурасы минус 45 ˚С болатын Altay - 45 қысқы дизель отынының бірінші партиясы өндірілді. ЖШС 403 19154-38-2020 СТ бойынша дайындалған ДТ-А-К5 Altay -45 маркалы дизель отыны мұнайды терең өңдеу кешенінің Prime D 3205 дизель отынын гидротазарту қондырғысында шығарылды. Жаңа өнім K5 класының экологиялық талаптарына сәйкес келеді. Жаңа дизель отынының бірінші партиясы ішкі нарықтағы қажеттілікті жабу үшін шағын көлемде өндірілетін болады. Одан әрі сұранысқа қарай Altay -45 дизель отынын тиеу көлемі ұлғайтылатын болады.
Дизель отынының жоғары сапалы төмен температуралы түрлерін өндіру АМӨЗ-ді 3 кезеңдік жаңғырту шеңберінде салынған жаңа қондырғыларды іске қосқаннан кейін мүмкін болды.
Сонымен қатар, кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, АМӨЗ бензині REACH сертификатын алды. REACH сертификатының болуы Атырау жанармайына Еуропалық Одақтың барлық елдерінің нарығына есік ашады, себебі құжат Еуроаймақтың барлық аумағында мойындалған және ЕО шекарасында сертификатталған өнімнің еркін айналысын білдіреді.
Жоба Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79