• kz

Asiamoney: ҚДБ – 2020 жылғы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үздік банк

Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламалары 2020 жылы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты айтарлықтай өзгерді. Басты назар жүйелік және ұзақ мерзімді жобалардан атаулы, нақты көмек көрсету жағына ауысты. Күн тәртібіндегі басты мәселе – қызметкерлердің денсаулығын қолдау, корпоративтік волонтерлікті дамыту, сондай-ақ жауапты коммуникацияларды қалыптастыру болды. ҚДБ бизнес-моделіне жаңартылған корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасын сәтті және уақтылы интеграциялау назардан тыс қалған жоқ. Asiamoney сарапшылары, Даму Банкі локдаун жарияланғаннан кейін, алғашқылардың қатарында санаулы сағатта өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшкенін атап өтті. Сонымен қатар, заманауи цифрлық инфрақұрылымды пайдалану Банкке қызметтің онлайн режиміне толық өтуін ауыртпалықсыз жүзеге асыруға және клиенттерге байланыссыз форматта қызметтер көрсетуге мүмкіндік берді. Қалыптасқан карантиндік жағдайға шұғыл әрекет Банктің IT жүйелерін проактивті жаңғыртудың арқасында мүмкін болғаны ескерілген.

«Кредиттік қызмет пен қоғамға пайда келтіру арасындағы тепе-теңдікті сақтауды, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның тез таралуы кезеңінде қызметкерлер мен клиенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген риясыз ниетімізді тірек еткен ұстанымымыз бағаланғанына және беделді марапатқа ие болғанына қуаныштымыз. Күрделі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, нарықта көшбасшылық позицияны сақтап, ұлттық экономиканы кредиттеудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алдық. Бұл бизнес-процестерді басқару жүйесін автоматтандырудың арқасындағы жетістік, бұл бізге ҚДБ қызметкерлері мен қарыз алушыларының жеке байланысысыз, онлайн режимінде қызмет ұсынуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов.

Саркулов Абай.jpg

Asiamoney сарапшыларының деректеріне сәйкес, ҚДБ мамандары қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар қазақстандық экономикаға коронакризистің теріс салдарымен күресте айтарлықтай дәрежеде қолдау болды. Даму банкі 2020 жылдың алғашқы 9 айында кредит портфелін жылдық есеппен 9,5%-ға ұлғайта отырып, қонақ үй және туризм секторларындағы, ауыл шаруашылығындағы және жаңартылатын жел энергетикасындағы жобалар сынды ірі инфрақұрылымдық жобаларға кредит беруді жалғастырды.

«2020 жылы күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстанның Даму Банкі отандық экспорттаушыларға қолдау көрсетуді жалғастырып, тіпті көлемін ұлғайтты. Сонымен қатар, Банк қарыздарды қайта құрылымдау арқылы қарыз кестесі мен кредит талаптарын қайта қарап, серіктестеріне қолдау танытты. Мұндай қадам covid-19 пандемиясының салдарынан қиын жағдайға тап болған қарыз алушылар үшін үлкен қолдау болды. Жалпы белгісіздік пен хаос кезеңінде мұндай атаулы және нақты көмек ұшы әсіресе құнды», - деп атап өтті Asiamoney өкілдері.

Asiamoney баяндамасында өткен жылы Даму банкі өз қызметкерлерін: мүгедек балаларды және жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларды киім-кешекпен, балалар үйінің тәрбиеленушілерін ойыншықтармен, сондай-ақ қаржылық қиын жағдайға тап болған отбасыларды – тамақ өнімдерімен және бірінші қажеттілік құралдарымен қамтамасыз ету сынды бірнеше қайырымдылық жобаларда біріктіріп, халықты қолдаудың флагманына айналғаны атап өтілді. ҚДБ гендерлік теңдікке де ерекше көңіл бөледі, осылайша 2020 жылы қызметкерлердің шамамен 54%-ын басым бөлігін басшылық лауазымдарды атқаратын әйелдер құраған.

«Банк қызметкерлерінің қайырымдылық әлеуметтік жобаларға қатысуы толығымен ерікті негізде жүзеге асырылады. Шын мәнінде ҚДБ командасы мұндай іс-шараларды жыл сайынғы негізде өткізеді, алайда жарнамаламайды, біз үшін бұл 2020 жылдың тренді емес, қиын жағдайға тап болған отандастарымызға жүйелі көмек. Бұл корпоративтік рухты нығайтудың, командалық дағдыларды қайраттаудың және ел игілігі үшін неғұрлым тиімді жұмыс істеу үшін уәждеме алудың өзіндік мүмкіндігі», - деді ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов.

Даму банкінің бірінші басшысы Абай Сарқұловтың айтуынша, ресурстардың едәуір бөлігін коронавирус пандемиясының салдарымен күреске бағыттай отырып, ҚДБ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жоспарланған жүйелік жобаларды тоқтатпайды. КӘЖ және тұрақты даму бағдарламалары бұрынғыдай ҚДБ үшін негіз қалаушы болып қала береді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79