Банк развития Казахстана
  • kz

АРБЗ пішінді прокаттың сұрыптық желісін кеңейтті

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты фасонды прокаттың сұрыптық желісін кеңейтті. Енді өндірісте №30 ыстықтай илектелген қос таврлы болат арқалық шығаруды жолға қойдық. Жаңа өнім халықаралық стандарттардың жоғары талаптарына жауап береді және ГОСТ 8239-89, ГОСТ 535-2005 сәйкес шығарылады. Сапаны бақылау бойынша барлық қажетті сынақтар жеке аккредиттелген зертханада өткізілді.

111.jpg

Кәсіпорын өкілдерінің мәліметінше, жаңа өнім өндірісін игеруге дайындық 2020 жылы басталды, ал ағымдағы жылдың ақпан айында халықаралық стандарттардың барлық талаптарына жауап беретін өнімді ала отырып, тәжірибелік прокат жүргізгеннен кейін процесс толығымен аяқталды. Сортаменттің жаңа түрін шығару ішкі нарықтың қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жалпы республиканың, атап айтқанда «АРБЗ» ЖШС-нің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Ақтөбе рельс-арқалық зауыты өнімінің сапасын Ресей, Украина, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Белоруссия, Ауғанстан, Эстония, Латвия, Түркия сияқты елдердің халықаралық тұтынушылары растады.

«Біз жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған рельстерді өндірумен қатар фасонды прокат сортын игеріп, 1-сұрыпты өнімге қойылатын талаптарға сәйкес келетін профиль геометриясы бойынша барлық сапа көрсеткіштерін ала алғанымызға қуаныштымыз. Қазір біз қол жеткізген нәтижелерді бекіту бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз, қоймадағы дайындаманың барлық көлемін сыннан өткізіп жатырмыз», - деп атап өтті «АРБЗ» ЖШС бас директоры Валерий Обилец.

222.jpg

Қазақстанда №30 ыстықтай илектелген қос таврлы болат арқалық өндірісі бұрын жүргізілмегені атап өтілді. Металл бұйымдарының бұл түрі қазіргі заманғы ірі панельді және блоктық, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста кеңінен қолданылады, мысалы, бағаналық металл конструкцияларын, әртүрлі көпір құрылыстарын, эстакадаларды, аспалы жолдар мен тіректерді салу үшін қолданылады.

«Қос таврлы болат арқалықтардың қолданылу аясы құрылыс салудан бастап ауыр машина жасауға, вагон жасауға дейін, тіпті құрылыстарды безендіру кезінде де кең. Олар тік көлденең әсерден жоғары жүктемелер бар көпірлерді, жер үсті өткелдерін және басқа нысандарды салу кезінде қажет. Мұндай арқалықтар құрылыс шығындарын едәуір азайтуға көмектеседі», - деді «АРБЗ» ЖШС бас директоры Валерий Обилец.

«АРБЗ» ЖШС жеткен жетістіктермен тоқтап қалмайды, зауыт сапаны одан әрі жақсартуға және шығарылатын өнім желісін кеңейтуге бағытталған. Қазір кәсіпорын басшылығы жаңа өнімді жеткізу үшін тиісті келісімдер жасау үшін халықаралық серіктестермен келіссөздер жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты Қазақстанда ұзындығы 120 метрге дейін жоғары сапалы және орташа пішінді прокат шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады. Зауыт 2016 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) атынан мемлекеттік қолдаудың арқасында «нөлден бастап» салынды, ол 20 жыл мерзімге 284,69 млн АҚШ доллары сомасына қарыз бөлді. Жобаның жалпы құны 406,7 млн АҚШ долларын құрады. ҚДБ Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде зауыт құрылысын қаржыландырды.

«Ақтөбе облысының шикізаттық емес экспортының едәуір бөлігін құрайтын АРБЗ еліміздің батыс өңірі үшін ғана емес, бүкіл республика үшін бірегей кәсіпорын болып табылады. Коронакризис салдарынан бірқатар кәсіпорындар турбуленттілікке ұшыраған, бүкіл әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, біздің серіктестеріміз жоғары халықаралық өнім сапасын қамтамасыз ете отырып, өндірілетін тауарлар желісін кеңейте алатыны қуантарлық жайт», - деп бөлісті ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов.

Зауыттың ағымдағы жобалық қуаты 430 мың тонна дайын өнімді құрайды, оның ішінде 200 мың тонна рельстік өнім және 230 мың тонна фасондық прокат. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін шығарылатын өнімнің сапасын бірінші дәрежелі мамандар, жоғары технологиялық жабдық және процестерді автоматтандырудың жоғары дәрежесімен әлемге әйгілі «Primetals Technologies Italy S. r.l. (Siemens-VAI)» илемдеу орнағы қамтамасыз етеді. Зауыт өкілдерінің айтуынша, көптеген көрсеткіштер бойынша зауыт өнімдері жетекші жапон және еуропалық өндірушілердің тауарларынан кем түспейді, себебі өндірісте шынықтырудың бірегей технологиялары бар, ал технологиялық процестің барлық кезеңдері қатаң бақылауда.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79