• kz

Greenfield жобалары. Бұл не және бұл тұста Қазақстанның Даму Банкі не үшін қажет?

Зульфия Зейнешева

Greenfield жобаларын «таза алаңда», «нөлден басталатын» жаңа активтерді қалыптастыратын жобалар ретінде сипаттауға болады. Әдетте, олар әрекет етуші өнеркәсіптік топтар немесе компаниялар жаңа еншілес ұйымдар құрған кезде, жобалық қаржыландыру тетіктерін қолдана отырып құрылады. Әдетте жобаларды іске асыру орындарында кәсіпорындарды іске қосудың қажетті қолайлы инфрақұрылымы жоқ: аумаққа ештеңе салынбаған, коммуникациялармен жабдықталмаған, инженерлік желілер бірінші рет салынуда, құрылыс алаңдары бар логистика жолға қойылмаған. Дегенмен, greenfield жобалары жаңа жоба қолданыстағы өндірістік активтерді жаңарту немесе кеңейту арқылы жүзеге асырылатын классикалық brownfield-ке қарағанда бірқатар себептерге байланысты инвесторлар үшін әлдеқайда тартымды.

Біріншіден, ескі кәсіпорындарды қайта жабдықтауға салынған инвестиция көлемі «нөлден басталатын» жобаны іске қосу құнынан асып кетуі мүмкін, өйткені, мұнда техникалық және экологиялық зерттеулердің құнын және қолданыстағы өндірістік қорларды заманауи нормалар мен стандарттарға сәйкестендіру шығындарын ескеру қажет. Greenfield жобалары инвесторларға құрылыс кезеңінде қолданыстағы инфрақұрылымға бейімделмей, іске қосылатын кәсіпорынның ерекшеліктері мен қажеттіліктері бойынша инженерлік шешімдер қарастыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, заңды тұрғыдан алғанда, тарихы жоқ жаңа жобалау компаниялары инвесторлар үшін транспарентті, greenfield жобасы іс жүзінде жаңа активті құруды қамтамасыз ететін келісімшарттар мен шарттар жүйесі болып табылады, тиісінше, барлық қатысушылар тәуекелдерді бөліседі, барлық міндеттемелер мен шарттарды барлық тараптар үшін барынша қолайлы түрде бекіте алады.

Greenfield жобалары көбінесе «нөлден басталатындықтан» жоғары тәуекелді жобаларға жатады. Құрылыс кезеңі ұзақ уақытты алады, сәйкесінше инвесторлар мен кредиторлар үшін табыстылық активтің уақтылы салынуына байланысты болады, ал одан түсетін операциялық ақша ағындары, әдетте, инвестициялық табыстың және қарыз өтеудің негізгі көзі болып табылады. Бұл тұста банктерде ресурстар және жобаның құрылыс кезеңінің тәуекелдерін басқару және осындай қарыз алушылардың кредиттік рейтингін қадағалау мүмкіндігі жеткіліксіз болады. Екінші деңгейдегі банктер белгісіздік факторларының болуына байланысты мұндай жобаларды қаржыландырғысы келмейді. Алайда, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ, Банк, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) ұзақ жылдар бойы осы бағытта жұмыс істеп келеді және өтінімді қарау кезеңінде құрылыс тәуекелдерін бағалауға, құрылыс барысында олардың деңгейіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін құзыреттердің жеткілікті көлеміне ие.

«ҚДБ-да мұндай жобалардың тәуекелдерін бағалау рәсімі жобаның барлық аспектілерінің пысықталғанын және болашақ ақша ағындарын болжаудың дұрыстығын терең және жан-жақты талдауды ғана емес, сонымен қатар инвестормен бірге жобаны іске асырудың ең қолайлы құрылымы мен тәсімін әзірлеу, банктің ғана емес, инвестордың өзі үшін жобалық келісімдер мен келісім-шарттарға инвестициялық фазаның тәуекелдерін азайтатын шарттарды енгізуді білдіреді. Яғни, біз жобаны «нөлден» құру мүмкіндігін артықшылық ретінде қолданамыз. Банк жобаны іске асыру мониторингін және шығындарды бақылаудың тетіктерін және тәуекелдерді бөлу және жобаның барлық қатысушылары арасында жауапкершілікті бекіту құралдарын әзірледі және оны табысты қолданып келе жатыр» - дейді ҚДБ Басқарушы директоры Зульфия Зейнешева.

коллаж.jpg

Қазір банк портфелінде 27 greenfield жобасы немесе инвестициялық жобаларға тиесілі жалпы кредит портфелінің 50%-ы бар – бұл еліміздің ірі индустриялық жобалары, олардың ішінде: бастапқы алюминий өндіру зауыты және Павлодар облысындағы темір жол дөңгелектерін өндіру кешені, Қаратау қаласында қуаты 15 000 тонна цианисті натрий өндіру зауыты, Ақмола облысында Кус&Вкус маркасымен құс етін өндіретін Макинск құс фабрикасы, Ақтөбе қаласындағы рельс арқалық зауыты, Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай КБК құрылысы, Қарағанды қаласындағы ферросилиций өндіретін жоғары технологиялы зауыт, Сарыарқа магистралды газ құбыры, Қарағандыда байыту фабрикасын және агломерациялық фабрикасы бар Сарыарқа ферроқорытпа зауытын салу, Алматыда Hyundai жеңіл автомобильдерін шығаратын зауыт, туристік сала объектілері және т. б.

ҚДБ-нің greenfield жобаларының басым бөлігі өңдеу өнеркәсібінде іске қосылған, олардың көпшілігі экспортқа бағытталған кәсіпорындар болып табылады – олардың 2020 жылғы табыс үлесінің 71%-ы эскпортқа тиесілі. Іске қосылған кәсіпорындарда 13 мың жұмыс орны құрыған.

коллаж 2.jpg

Greenfield іске қосылған жобалардың ең жарқын көрінісі «жасыл» энергетика саласындағы жобалар. Мысалы, Даму банкі 2017 жылы жалпы қуаты 100 МВт болатын «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС жел электр станциясының құрылысын қолдады, оның құрылысы 2020 жылы аяқталды. Бүгінгі таңда ЖЭ саласында пайдалануға сәтті енгізілген greenfield жобаларының «қоржынында» Түркістан және Алматы облыстарындағы үш күн электр станциясы бар.

«Қазіргі уақытта ҚДБ мемлекеттік-жекешелік әріптестігі арқылы іске асыратын жобалық қаржыландыруға қатысуды жандандыруда. Мемлекеттің қолдауымен белсенді дамып келе жатқан осы құралдың арқасында жобаның іске асырылу тәуекелдері айтарлықтай төмендеуі мүмкін, ал Даму Банкі, өз кезегінде, инвестициялық фазаның тәуекелдерін басқару құзыреттері мен бір жолға қойылған тетіктерді пайдалана отырып, мемлекеттік әріптестік үшін осындай тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз етеді» - дейді ҚДБ Басқарушы директоры Зульфия Зейнешева.

Көптеген сарапшылардың пікірінше, мұндай жобалардың өз артықшылықтары бар, олардың ішіндегі ең үлкен артықшылығы – greenfield жобалары тек бизнес үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін тиімді даму құралы болып табылады, өйткені олар әлеуметтік капиталдың дамуына мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, greenfield жобаларының іске қосылуы ілеспе инфрақұрылымдар мен жаңа өндірістер құруды көздейтіндіктен, олар жобаны іске асыратын өңірдің экономикасы мен сабақтас салалардың дамуының мультипликативтік әсеріне ықпал етіп, мүмкіндіктерді аша түседі. Мысалы, жаңа жұмыс орындары, жергілікті бюджетті толықтырудың жаңа көздері пайда болады, greenfield жобасының ресурстарына жаңа сұраныс және ілеспе бизнесті дамыту мүмкіндіктері пайда болады.

Сондай-ақ жоғары халықаралық рейтингтердің арқасында Қазақстанның Даму Банкі жобаларды төмен пайызбен және ұзақ мерзімге кредиттеу үшін мемлекеттік қаржыландыру көздерінен басқа, шетелдік нарықтардан ақшаны табысты тарта алатынын атап өту қажет. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Даму Банкі мемлекеттік қаражаттың әрбір 1 теңгесіне нарықтан 3,35 теңге қарыз тартты, ҚДБ қызметі басталғаннан бері капитал нарығынан ақша тарту көрсеткіші 5,3 трлн теңгені құрады.

ҚДБ орта және ірі отандық кәсіпорындарға 2 негізгі бағыт бойынша қаржылық қолдау көрсетеді: инвестициялық жобаларға орташа және ұзақ мерзімді кредит беру, сондай-ақ экспорттық операциялар. Даму банкі әлеуетті өтініш берушілерге қойылатын икемді талаптарға ие, кепілмен қамтамасыз ету бойынша бейілді саясатты ұстанады, сондай-ақ тікелей және экспорттық кредиттеуді, бірлесіп қаржыландыруды / синдикатталған қаржыландыруды, банктік кепілдіктер беруді және т. б. қоса алғанда, құралдардың кең желісін ұсынады.

ҚДБ кредиттік құралдары туралы толығырақ ақпаратпен Банктің сайтында танысуға болады: https://www.kdb.kz/services/investment-projects/

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79