• kz

#РахметҚДБ: «Қазақтелеком» АҚ

казахтелеком

Бұл жобаның табыстылығына көбінесе оған жай қаржыландыратын ұйым ретінде
емес, қызметі біздің еліміздің бүкіл экономикасының синергетикалық дамуына жағдай жасайтын институт ретінде бәріне танымал ҚДБ-ның қатысуы себеп болды. Банктің осы миссияға сай екеніне біз ҚДБ-мен 2014–2017 жылдары LTE желілерін кеңейтуді іске асырып қана қоймай, сонымен бірге «ҚР ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» (АЕМ-гі ТОБЖ) жобасының аясында бірлескен жұмысты жалғастырған соң көз жеткіздік.

Осы ауқымды құрылыс жылдық 7,22 % мөлшерлемесімен жеңілдікпен және он жылдан астам өтеу мерзімімен қаржыландыра отырып, 2018 жылдың IV тоқсанынан бастап мемлекеттік-жеке серіктестік механизмі арқылы «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жоба Қазақстанға ауылдық елді мекендерде орналасқан мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелердің оптикалық-талшықты телекоммуникацияларына қолжетімділікті айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді. Мекемелердің ТОБЖ-ге қосылуы оларға Мемлекеттік органдардың Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйелеріне, сондай-ақ мемлекеттік интернет-порталдарға қол жеткізуге және халыққа мемлекеттік қызметтердің толық аясын көрсетуге мүмкіндік берді.

Казахтелеком

Алайда ауылдарға біздің бірлескен ірі жобамыздың беретін мүмкіндіктері мұнымен шектелмейді: ауылдардың ТОБЖ технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілуі халыққа ақпараттық технологиялармен жұмыс
істеуді үйретуге және дағдыларын меңгеруге жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл арада біз ауылдықтарға жаңа дағдылар мен ептіліктерді қашықтан бастапқы үйрету, біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары туралы айтып отырмыз. Одан басқа, ауылдық елді мекендерге «оптика» келгенде адамдардың қашықтан жұмыстарын орындау (telework), «электрондық үкімет», телемедицина, электрондық коммерция қызметтерін және телекоммуникациялар желілері арқылы көрсетілетін басқа да қызметтерді алу мүмкіндіктері пайда болады.

Ақырында, біздің банктің қолдауымен салған ауылдық елді мекендердегі ТОБЖ инфрақұрылымымыз ұялы байланыс операторларына желімен қамту аймақтарын кеңейте және мобильдік интернет қызметтерін көрсету сапасын жақсарта отырып, базалық станциялар санын көбейтуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, біздің салған инфрақұрылымымыз интернетті барлық дерлік үйге жеткізуге және басқа байланыс операторларына мемлекет аумағында бүкіл телекоммуникациялық қызметтер спектрін ұсынуға мүмкіндік береді. Бір нәрсені айта кетейік: Қазақстан халқын кең жолақты қолжетімділікпен қамту біздің 2018 жылы АЕМ-гі ТОБЖ басталғанға дейінгі 84 %-бен салыстырғанда 99,3 %-ға дейін артты.

Казахтелеком

Осы ауқымды жобаны (құрылысты) іске асырудың бірінші кезеңі 2020 жылғы 25 желтоқсанда аяқталды. Ол кезге дейін біз жоспарланғаны 828 ауыл болғанына қарамастан, 837 ауылдық елді мекенге 14 380 км ТОБЖ жүргіздік. Біз «оптиканы» Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ауылдарға дейін тарттық. Соның арқасында ол жерде байланыс қызметтеріне 2 505 мемлекеттік орган (жоспар бойынша 2 496 болған) қосылды. Сапалы кең жолақты қолжетімділікпен 891 ауылдық мектеп, 558 әкімдік, 738 медицина мекемесі (жоспарға қарағанда 4 артық), 205 полиция пункті және 104 басқа да мемлекеттік және бюджеттік ауылдық құрылым қамтамасыз етілді.

Осы ауқымды және шығыны көп жобаларды іске асырудан алған тәжірибеміз бізді Қазақстанның даму банкінің өз клиенттерінің жағдайларының өзгеруіне барабар әрекет ете отырып, өте икемді жұмыс істеп жатқанына сендірді. 2016 жылы бізде банк берген қарызды «Алтел» еншілес еншілес компаниясынан иегер компания «Қазақтелекомға» аударуды рәсімдеу қажеттігі пайда болды. Бізге мәселе шешілмейтіндей болып көрінсе де, банк қызметкерлері екі тарап үшін де тиімді заңдық шешім қабылдады.

Казахтелеком

Осы орайда ҚДБ Заң департаменті директорының кабинетінде менің әріптестерім біздің тұрақты аға банкиріміз Әсем Шакеновамен тақтаға мәмілені құрылымдаудың ең ұтымды сызбасын салып жатқан сәті есімде қалыпты. Қызметкерлері өз жобаларының тағдырына осынша беріліп қатысатын қаржы мекемелері аз.
Ал пандемия енді басталып келе жатқанда, 2020 жылдың сәуірінде ҚДБ аз уақыттың ішінде бізге қаржыны толығымен онлайн нысанда берген алғашқы банк болды. Бұл бізге жоба бойынша жұмыстарды уақтылы орындауға және мерзімдерінің олқылыққа ұшырауына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Жалпы, егер бизнесті мемлекеттік қолдау нысаны және ҚДБ-ның мемлекеттік бағдарламаларға қосқан үлесі туралы айтар болсақ, банкпен бірлесіп жұмыс жүргізу тәжірибесі бар біз Қазақстанның даму банкінің қызметін осы салада мемлекеттік саясатты іске асырудың эталоны деп есептейміз. Біз ҚДБ-ның негізгі активі жүйелі жұмысы мен істі іске асырудың ерекше шығармашылық тәсілі мемлекеттік масштабтағы жаһандық жобаларын іске асыруға жағдай жасайтын тәжірибелі кәсіпқойлар деп есептейміз.

Қазақстанның даму банкіне биылғы жылы және одан кейінгі әр жылы көбірек қызықты және маңызды жобаларды іске асыруын тілегіміз келеді. Ал оның әр қызметкеріне, әсіресе, осындай қиын-қыстау жағдайда денсаулық, сонымен қатар еңбекте әлі де табысқа жете беруін тілейміз.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79