• kz

Қазақстанның Даму Банкі мен Тәжікстанның «Амонатбонк» жинақ банкі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Таджикистан_фото1.jpg

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) және Тәжікстан Республикасының «Амонатбонк» мемлекеттік жинақ банкі (бұдан әрі – «Амонатбонк») өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа осы күндері Өзбекстанда өтіп жатқан ШЫҰ Банкаралық бірлестігі кеңесінің XVIII отырысы аясында ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Тоқтағұлқызы Әбішева мен «Амонатбонк» Басқарма төрағасы Икроми Сироджидин Салом қол қойды.

Меморандумның басты мақсаты – қаржы институттары арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесетін бағдарламалар мен жобаларды көтермелеу үшін екі тараптың ынтымақтастығы бойынша стандартты құрылымды қалыптастыру.

Ынтымақтастық бірнеше бағытта жүреді. Атап айтқанда, ҚДБ қазақстандық қаржы институты тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде сатып алушылар мен өнім берушілер арасында жасалатын келісімшарттар аясында экспорттық аккредитивтер бойынша міндеттемелерді растайтын және орындайтын негіздемелік лимитті «Амонатбонк» ұйымына беру мүмкіндігін қарастырады.

Бұдан басқа, ҚДБ мен «Амонатбонк» Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауданы кеңейтуге септігін тигізетін әлеуетті жобалар туралы ақпарат алмасатын болады. Сондай-ақ, қаржы институттары тараптардың әрқайсысы жұмыс істейтін бизнес-ортаның жағдайларын тереңірек түсіну үшін делегациялардың өзара қарым-қатынас жасауын, дөңгелек үстелдер мен тәжірибе алмасу семинарларын ұйымдастыра алады.

ШЫҰ Банкаралық бірлестігі кеңесінің XVIII отырысына Қазақстанның Даму Банкінің, Қытайдың мемлекеттік даму банкінің, «РСК Банкінің» (Қырғызстан), Үнді инфрақұрылымдық қаржы компаниясының, «Хабиб Банк Лимитед» (Пәкістан), «ВЭБ.РФ» мемлекеттік даму корпорациясының, Тәжікстан Республикасының «Амонатбонк» мемлекеттік жинақ банкінің, «АСБ Беларусбанк», Моңғолия даму банкінің, Еуразиялық даму банкі және Өзбекстанның сыртқы экономикалық қызмет Ұлттық Банкінің өкілдері қатысуда. Іс-шара 23 қыркүйекте Өзбекстан астанасы - Ташкент қаласында өтті.

Таджикистан_фото_2.jpg

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79