• kz

ҚДБ Директорлар кеңесі қазақстандық экспорттаушыларды қолдау үшін жаңа тетікті іске қосу туралы шешім қабылдады

Банктің Директорлар кеңесі Тәжікстан мен Өзбекстанға өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспортын ынталандыруға бағытталған экспорттық сауданы қаржыландыру бойынша екі мәмілені мақұлдады.

Бұл операциялар «Qazaq Astyq Group» ЖШС, «Сей-Нар» ӨК» ЖШС және басқалары сияқты тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырысында 2022 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2019-2023 жылдарға арналған Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекіту және банктің еншілес ұйымы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасын тағайындау мәселелері қаралды. Шешіммен ӨДҚ-ның қазіргі басшысы Нұрлан Серікұлы Байбазаров қайта сайланды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79