• kz

ҚДБ 100 млрд теңгені өңдеу өнеркәсібіндегі экспортқа бағдарланған жобаларды қолдауға бағыттайды

Қазақстандық өнімнің экспортын ұлғайту мақсатында Даму Банкі жеңілдетілген қаржыландыру мөлшерлемелері жылдық 8%-ға дейінгі бағдарламаларды іске қосады.

Қаражат орта және жоғарғы шекті тауарлардың экспортын, яғни қосылған құны жоғары өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін қолдауға арналған. Қарыздың ең төменгі сомасы 1 млрд теңгені құрайды, ол айналым капиталын толықтыруға, яғни шикізат пен материалдарды сатып алуға, сондай-ақ экспортталатын өнімді өндіруге байланысты ағымдағы шығыстарды төлеуге бағытталуы мүмкін. Қарыз мерзімі –қаржыландыруды ұзарту немесе бағдарламаларға қайта қатысу мүмкіндігімен 1 жылдан 3 жылға дейін.

«Шетелдік өткізу нарықтарында жұмыс істеуді жоспарлап отырған немесе осы жұмысты жаңадан бастаған орта кәсіпорындарға баса назар аударылады. Біз бизнеске қолжетімді қаражат беретін боламыз, бұл ретте бағдарламаларға қатысушыларға қызметкерлердің жалақысын өсіру, экспорттық түсім көлемі және қазақстандық қамту үлесі сияқты қарсы міндеттемелер ұсынылатын болады. Осылайша біз өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын ғана емес, сонымен қатар ілеспе тауарлар мен қызметтердің отандық жеткізушілерін, яғни шағын және орта бизнесті де қолдай аламыз», - деп түсіндірді ҚДБ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.

Кәсіпорындарды қолдау бағдарламалары ұзақ мерзімді және өңдеуші өнеркәсіптің экспортталатын өнімінің көлемін өсіруге, саладағы жұмыс орындарын сақтауға және ұлғайтуға, мемлекеттік бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Даму банкі бағдарламаларға қатысуға өтінімді www.kdb.kz ресми сайты немесе Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның сайтта көрсетілген байланыс телефондары арқылы беруге болатындығын хабарлайды .

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79