
Келісім Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Құжатқа сәйкес, ҚДБ неміс серіктесінен шет елдерден импорттауды іске асыратын инвестициялық жобалар үшін 500 миллион еуроға дейін тарта алады, мысалы технологиялық жабдықтар импортын айта кетуге болады. Бұл ретте мұндай операциялар бойынша кепілдіктерді экспорт жүргізілетін елдердің экспорттық-кредиттік агенттіктері беретін болады.
Айта кетейік, Landesbank Baden-Württemberg – Германия Федеративтік Республикасының әмбебап қаржы институты, ол өз клиенттеріне экспорттық-импорттық операциялар бойынша белсенді қызмет көрсетеді. LBBW бүкіл әлем бойынша қарыз алушыларға Франция, Германия, Италия, Испания, Қытай және Оңтүстік Кореядан импорттау үшін экспорттық қаржыландыруды сәтті ұйымдастырды.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі:
Телефон: 8 (7172) 79 26 08
Сайт: www.kdb.kz
E-mail: pressa@kdb.kz