• kz

Амангелді Исенов ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

_-_.jpg

«Қазақстанның Даму Банкі» («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі болып Амангелді Исенов тағайындалды. Ол несиелік қызметті ұйымдастыру және үйлестіру бағытына жетекшілік етеді.

Амангелді Исенов Қарағанды металлургия институтын «Металлургия кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітіріп, Almaty Management University-де МВА дәрежесін алды.

Мансап жолын 2000 жылы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік қарыз алу департаментінің несиелеу басқармасының бас маманы ретінде бастаған. Кейіннен Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорында, сондай-ақ жеке компаниялардағы басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2008-2017 жылдары Қаржы министрлігінде басқарма басшысы, директордың орынбасары, бюджеттік несиелеу департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2022 жылға дейін Еуразиялық Даму Банкі Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап ҚДБ-ға тағайындалғанға дейін жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79