• kz

ҚДБ мен ҚР екінші деңгейлі банктерінің бірінші синдикаты RG Brands қуатын кеңейтуді қолдайды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) «Нұрбанк» АҚ және «ЦентрКредит Банкі» АҚ-мен бірлесіп, синдикатталған қарыз аясында «RG Brands Kazakhstan» ЖШС-не қаржыландыруды ұсыну жөніндегі ниеттер туралы үшжақты келісім жасасты. Қаржыландыру жоғары технологиялық өндірістік желілерді сатып алуға, компанияның өндірісі мен өнім сатылуын ұлғайту үшін өндірістік цехты кеңейтуге, сондай-ақ жаңа перспективалық нарық – Өзбекстан Республикасына өнім экспортын ұлғайтуға бағытталады.

Келісімге ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев, «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрағасы Гүлнар Мұсатаева және «ЦентрКредит Банкі» АҚ Басқарушы директоры Марат Кәрібжанов қол қойды.

IMG_9977.JPG


Қаржыландырудың жалпы көлемі 30,4 млрд теңгені құрайды, оның 16,4 млрд теңгесі өндірістік қуатты кеңейтуге және 14 млрд теңгесі экспорт алдындағы қаржыландыруға бағытталады.

Өндірістік қуаттың кеңеюі нәтижесінде, олар пайдалануға берілген сайын, құрамында шырыны бар және шай, сондай-ақ газдалған және газдалмаған сусындар шығару көлемі шамамен екі есеге артады.

«Ағымдағы жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында синдикатталған несиелеу тетіктерін белсенді қолдану қажеттігін атап өтті. Бұл мәміле – Қазақстанның ЕДБ-мен синдикатталған қаржыландыру құралы бойынша жасалған ҚДБ тарихындағы алғашқы мәміле. Бұл біздің болашақтағы табысты серіктестігіміздің бастамасы ғана екеніне сенімдімін. Қаржыландырудың бұл түрі банктерге тәуекелдерді азайту мен жобаларды басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді. Ал қарыз алушылар жеңілдетілген шарттармен ұзақ мерзімді қаржыландыруға кеңірек қол жеткізе алады», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елибаев.


photo1703834616.jpeg


«Синдикаттар өздерінің кооперациясымен тиімді, өйткені бір банк ауқымды жобаларды несиелеу үшін әрқашан үлкен соманы бөлуге дайын болмайды. Біз ҚР банк нарығы үшін осындай маңызды мәмілеге қатысуға мүмкіндік берілгеніне қуаныштымыз. Бұл «RG Brands Kazakhstan» компаниясына жеңілдетілген шарттармен «ұзын ақшаға» қол жеткізуге және қолда бар өндірістік қуатты едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгінде Нұрбанк ел экономикасының табысты дамуының негізі болып табылатын корпоративтік клиенттер мен ШОБ-қа белсенді несие беруде», - деді «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрайымы Гүлнар Мұсатаева.


photo1703835232.jpeg


«ЦКБ бизнесті несиелеу бойынша жетекші орынға ие және экономиканың нақты секторын белсенді қолдайды. Біз көптеген ірі компаниялардың серіктестеріміз және бірлесіп еліміздің экономикалық әлеуетін тұрақты арттыру үшін мүмкіндіктер жасаймыз. Синдикатталған қаржыландыруға қатысу бизнесті несиелеу мүмкіндіктерін кеңейтеді, ал кейінгі жылдары қазақстандық компаниялар бұл құралды белсенді түрде қарастыра алады», – деп түсіндірді «ЦентрКредит Банкі» АҚ Вице-президенті Нұрлан Шегебаев.

«Біздің басты міндетіміз – тұтынушыларды тұрақты жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз ету. Ол үшін біз инновацияларды дамытып, халықаралық стандарттарды қатаң сақтаймыз. Бұл жаңа қаржы құралы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің қатысуымен мемлекеттік және жеке банк секторлары қолдауының арқасында іске асырылады және енді бизнес-қоғамдастыққа қолжетімді болады. Әрине, экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуі жағдайында бұл құрал бизнесті және жалпы ұлттық экономиканы дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Біз шығаратын өнімнің әлемдік сапасы оны жергілікті тұтынушыларға ұсынуға, сондай-ақ түрлі дәмдік талғамдарды қанағаттандыру үшін экспорттық бағдарламаларды табысты дамытуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «RG Brands» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мәжібаев.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79