• kz

ҚДБ халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ISO стандартына сәйкестік сертификатын сәтті алды

photo1704706400.jpeg


«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ISO 37001:2016 халықаралық стандарты бойынша сертификаттаудан сәтті өтті. Сертификат тиісті рәсімдерге сәйкес жүргізілген аудит негізінде CERT International s.r.o. сертификаттау жөніндегі халықаралық органмен берілген және ҚДБ қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары стандарттарға сәйкес келетіндігін растайды.

Халықаралық стандарт ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықты тиімді басқаруға және алдын алуға бағытталған. Бұл сертификатқа қол жеткізу – Даму банкі үшін ашықтықты арттырудағы және этикалық мінез-құлық пен жауапкершіліктің жоғары стандарттарына адалдығын көрсетудегі маңызды қадам.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бойынша сертификаттау – бұл біздің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару саласындағы күш-жігерімізді лайықты мойындау ғана емес, сонымен қатар біздің қызметіміздің ашықтығына және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке ұмтылысымызды растау», - деп атап өтті ҚДБ Комплаенс қызметінің бастығы Алма Аймурзина.

Сертификаттау халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанның Даму банкін сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді құралдарымен қамтамасыз етеді, бұл оның адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын қолдаудағы рөлін атап көрсетеді.

ҚДБ-дағы комплаенс мәселелері бойынша сенім телефоны +7 (7172) 79 84 54.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79