• kz

ҚДБ АҚШ долларындағы еурооблигацияларды және теңгелей дебюттік тұрақты даму облигацияларын орналастырды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) еурооблигациялардың екі шығарылымын орналастырды. Біріншісі – 500 млн АҚШ доллары көлемінде АҚШ долларына деноминалданған, екіншісі – 100 млрд теңге мөлшерінде тұрақты даму еурооблигацияларының дебюттік шығарылымы.

Еурооблигациялар жаңа шығарылымдарының параметрлері келесідей:

АҚШ долларына деноминалданған еурооблигациялар шығарылымы:

Көлемі – 500 млн АҚШ доллары, бағалы қағаздардың айналыс мерзімі – 3 жыл, купондық мөлшерлеме – жылдық 5,5%. Банк барлық уақыт шамасында дамушы нарықтар қатарындағы BBB рейтингі бар қаржы институтының бенчмарк шығарылымы үшін АҚШ Қазынашылық қағаздарына ең аз спредке қол жеткізе алды (және тиісінше ҚДБ үшін ең аз спред);

Теңгеге деноминалданған тұрақты даму еурооблигацияларының дебюттік шығарылымы:

Көлемі – 100 млрд теңге, бағалы қағаздардың айналыс мерзімі – 3 жыл, купондық мөлшерлеме – жылдық 13%.

Қазақстан үшін жергілікті валютадағы тұрақты даму еурооблигацияларының бірінші халықаралық шығарылымы аясында Sustainable Fitch және АХҚО Жасыл қаржы орталығы екінші тараптың пікірі нысанында жасыл және тұрақты қаржыландыру саласындағы Банк тұжырымдамасының түскен қаражатты басқару сапасы, іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпаратты іріктеу және ашу бөлігінде Капитал нарықтары халықаралық қауымдастығының тұрақты даму облигациялары стандарттарының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан оң сыртқы баға берді.

Еурооблигациялардың екі шығарылымы бойынша есептеулер 15 сәуірде жасалды.       

Өтінімдер кітабын қалыптастыру нәтижелері бойынша инвесторлардың еурооблигациялар әрбір шығарылымы бойынша сұранысы ұсыныс көлемінен екі еседен асып түскенін атап өтеміз. Еурооблигациялар инвесторлар арасында айтарлықтай қызығушылық тудырды, бұл Қазақстанның Даму Банкі, атап айтқанда, тұтастай Қазақстан қағаздарының инвестициялық тартымдылығын көрсетеді.

Долларлық және теңгелей еурооблигацияларды орналастыру географиясы АҚШ, Ұлыбритания, Еуропаның басқа елдері, Қазақстан және Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерін қамтиды.

Жалпы алғанда бағалы қағаздардың екі шығарылымына сұранысты 110-нан астам инвестор қалыптастырды.

«Нарықтық сұраныстың ұсыныстан екі есе артуы жергілікті және халықаралық инвесторлар тарапынан ҚДБ қағаздарына деген сенім мен жоғары қызығушылықты көрсетеді. Банктің тұрақты даму теңгелік еурооблигациялар шығарылымы Қазақстанда бағалы қағаздардың осы түрі бойынша алғашқы болды. Оларды орналастырудан түскен қаражат «жасыл» және тұрақты даму критерийлеріне сәйкес келетін жобаларды, оның ішінде инфрақұрылым, көлік саласы, ЖЭК және тағы басқа салаларды қаржыландыруға бағытталатын болады», – деп атап өтті Банктің Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Шығарылымның бірлескен букраннерлері – Citi, Halyk Finance, J.P. Morgan, Mashreq және Societe Generale. Банктің еурооблигациялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) және Vienna MTF алаңының листингіне енгізілетін болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79