• kz

Тұрақты даму ҚДБ алаңында талқыланды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) «DBK Talks: тұрақты даму» екінші панельдік сессиясын өткізді.


IMG_7674.JPG


Іс-шараға сарапшылар, мемлекеттік орган мен қаржы секторының өкілдері қатысты. Сессияның негізгі мақсаты – ESG (экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару) саласындағы озық тәжірибемен және идеямен алмасу.


IMG_7818.JPG

 

Панельдік сессияда спикерлер ретінде Зүлфия Сүлейменова, ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі, Ораз Жандосов, «Universal Energy Qazaqstan» компаниясының ортақ құрылтайшысы, Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы, Нұрлан Қапенов, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы, Дидар Кәрімсақов, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы басқарма төрағасы және Марсия Фавале, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры сөз сөйледі.


IMG_7629.JPG

 

Талқылау аясында халықаралық, экологиялық ынтымақтастық, Банк қызметіне ESG-қағидаттарын енгізу, Қазақстанда энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды дамыту, экологиялық зерттеулер, энергетикалық ауысу және Жасыл климаттық қорға арналған бағдарламаны әзірлеу сияқты мәселелер қозғалды. Іс-шараға қатысушылар тұрақты дамудың стратегиялық және практикалық аспектілерін талқылауға және сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.


IMG_7712.JPG

 

«Қазақстанның Даму Банкі өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға ықпалының маңыздылығын түсінеді. Ұзақ мерзімді экономикалық өсуге ұмтылады, Банк процестің барлық қатысушыларының мүдделерін сақтай отырып, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге мүдделі», – деп атап өтті ҚДБ басқарма төрағасы Марат Елібаев алғы сөзінде.


IMG_7936.JPG

 

Панельдік сессия 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара іс-әрекетті одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.


IMG_7795.JPG


IMG_7902.JPG

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!