«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) банктік қызметтің цифрландыруы бойынша негізгі жетістіктері мен алдағы міндеттерін таныстырды.
Атап айтқанда, жасанды интеллект негізінде шешімдер экожүйесін іске қосуға арналған бірнеше өнімдер ұсынылды.
Олардың ішінде: KDB Document Service – құжаттармен жұмыс істеуге арналған жаңа сервистің MVP-нұсқасы, оған OpenAI-дың OSS моделіне негізделген ЖИ-агенттері енгізілген, Банктің ішкі контурында жұмыс істейді.
ҚДБ сондай-ақ KDB Product Space платформасының MVP-нұсқасын әзірледі – барлық несие процесінің қатысушылары үшін жаңа біртұтас цифрлық платформа, мұнда әр жобаның кезеңі нақты уақыт режимінде көрініп, басқарылады. Қазіргі кезде жергілікті LLM моделін қосымша оқыту үшін деректерді белгілеу жүргізілуде.
Қаржылық есептілікті интеллектуалды өңдеу және тексеру қазір OCR, IDP және ЖИ технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жобалар бойынша мониторингтік қорытындылар автоматты түрде жасалып, қателіктер мен кешігулердің алдын алып, банкпен өзара әрекеттің сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, ЖИ жүйеде қарыз алушының құжаттарын тану және талдау үшін қолданылады, бірақ тек салалық сарапшылардың шешім қабылдауына көмекші ассистент ретінде қызмет атқарады, талдау уақытын қысқартады.
Сонымен қатар, қаржылардың қозғалысын бақылауды және мақсатсыз пайдалануды болдырмауды қамтамасыз ету үшін ҚДБ биыл ҚР Ұлттық Банкінің цифрлық теңге пилоттық жобасына қатысуды жоспарлап отыр.
Цифрлық шешімдер мен ЖИ технологияларын кешенді енгізу Банкке тұтынушыларға қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бұл – деректерді өңдеудің максималды жылдамдығы мен шешім қабылдаудың оперативтілігі, барлық процестердің толық ашықтығы мен бақылауы, сондай-ақ қаржылық қызметтердің сенімділігі мен сапасының едәуір артуы.
ҚДБ-дағы цифрландыру және ЖИ енгізу процестері туралы толығырақ бейнероликтен көре аласыздар.