• kz

ҚДБ Маңғыстау облысындағы ЖЭС жобасын қаржыландыруды аяқтады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Маңғыстау облысының Қарақия ауданында жел электр станциясын салу жобасын қаржыландырудың аяқталғаны туралы хабарлайды.

Жобаны «Sarkylmas Kuat» ЖШС жүзеге асыруда. Компания халықаралық Universal Energy Co. Ltd. тобының құрамына кіреді және жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларды әзірлеу мен іске асыруға маманданған.

ЖЭС құрамына әрқайсысының қуаты 6,25 МВт болатын 8 жел генераторы кіреді. Станцияның жалпы орнатылған қуаты 50 МВт, ал жылдық жоспарлы өндіріс көлемі 188 млн кВт∙сағ құрайды. Бұл мыңдаған үй шаруашылығын «таза» энергиямен қамтамасыз етіп, көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына 144 мың тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер Қазақстанның экологиялық мақсаттарына сәйкес келеді.

122,8 млн қытай юані мөлшеріндегі қаржыландыру қалпына келтірілмейтін несиелік желі аясында берілді. Қаражатты толық игеру биылғы жылдың 30 қыркүйегінде аяқталды. Қазақстанда алғаш рет инвестициялық жоба шеңберінде қазақстандық қаржы институты ұсынған несие бойынша Қарыз алушының міндеттемелерін жабу үшін Sinosure сақтандыру полисін пайдалану тетігі қолданылды.

Жоба Қазақстандағы «жасыл» энергетиканы дамытуға толық сай келеді: ол елдің энергия теңгерімін әртараптандыруға, көміртек ізін азайтуға, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді — жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті бюджетке түсімдер артады.

Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары мен негізгі жабдықты жеткізу толық аяқталған. ЖЭС қазіргі уақытта сынақ режимінде жұмыс істеп тұр, ал оның ресми іске қосылуы осы айға жоспарланған.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!