• kz

ҚДБ Central Asia Warehouse Summit аясында қолдау құралдарын ұсынды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Алматы қаласында өткен CAWS 2025 саммитіне «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ -мен бірлесіп қатысты.

Саммит - Орталық Азиядағы қойма мен логистика саласындағы ең басты шаралардың бірі. Онда халықаралық және отандық жетекші сарапшылар қазіргі трендтерді, туындаған қиындықтарды және қойма, логистика және сауда секторларының болашағын талқылады.

«Мемлекеттік қолдау: миф пе әлде шындық па?» тақырыбындағы панельдік талқылауда Банк тарапынан ҚДБ-ның аға банкірі Асемгүл Кусаинова қатысып, Банктің мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асырудағы негізгі уәкілетті қаржы институты ретінде таныстырды.

Ол ҚДБ-ның ірі инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларды қаржыландырудағы рөлін егжей-тегжейлі баяндап, Банктің қаржыландырудағы басым бағыттарын және инвестициялық жобаларды таңдау кезінде қолданылатын негізгі критерийлерді атап өтті.

ҚДБ елдің транспорттық және логистикалық секторын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға қызығушылық танытады. Мұндай жобаларды жүзеге асыру Қазақстанның аймақтағы жетекші транзиттік хабқа айналу стратегиялық мақсатына қол жеткізуге, сонымен қатар өңірлік нарықтарды біріктіру және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Банк мұндай жобаларды жүзеге асыруға арналған кешенді қаржылық құралдарды ұсынады, оның ішінде тікелей, синдикациялық және жобалық қаржыландыру бар, әрі жобалардың негізгі таңдау критерийлеріне сәйкестігі жағдайында қолдау көрсетуге дайын, – деді Асемгүл Кусаинова.

Талқылауға Қазақстан мен халықаралық жетекші қаржы институттары мен компаниялардың өкілдері де қатысты. Олардың қатарында – Römer Capital (АҚШ-Өзбекстан), Еуразиялық даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, DAS Family Office (Сингапур), IBC Global (Франция-Қазақстан) және басқалары бар.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!