• kz

ҚДБ қолдауымен Павлодарда алкилат өндіретін алғашқы зауыттың құрылысы басталды

Павлодар қаласында алкилат өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталды. Ірі инвестициялық жоба «INTERTRANS C.A.» ЖШС тарапынан жүзеге асырылып жатыр. Жобаны қаржыландыруды «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) қамтамасыз етуде.

Жаңа кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 97,6 мың тонна алкилатты құрайды. Алкилат – автомобиль және авиация бензиндерінің құрамына қосылатын, экологиялық таза әрі жоғары октанды компонент. Оның өндірісі елдің К-5 (Еуро-5) стандартына сай отынмен тұрақты қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді.

Жобаның жүзеге асырылуы өңдеу тізбегіндегі қосылған құнды арттырып, өңірге жеткізілетін шикізатты тереңірек игеруге жол ашады. Мемлекет басшысы елдің ұзақмерзімді экономикалық тұрақтылығы үшін бәсекеге қабілетті терең өңдеу өндірістерін дамытудың маңызын ұдайы атап өтеді.

Жалпы құны 36,6 млрд теңгені құрайтын жобаға ҚДБ Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобаларды қаржыландыру бағдарламасы аясында 26,033 млрд теңгеге дейін несиелік желі ұсынды. Банк қаражаты құрылыс-монтаж жұмыстарына және негізгі құрал-жабдықты сатып алуға бағытталады.

– Бұл жоба — мемлекеттің және жеке сектордың өңдеу өнеркәсібін дамытуға, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған өзара тиімді әріптестігінің айқын мысалы. Жобаның сәтті іске асуы мұнай-газ-химия кластерінің дамуына серпін беріп, жаңа инвестициялардың тартылуына және Қазақстанның өңірлік өндірістік хаб ретіндегі позициясын күшейтуге ықпал етеді, – деді «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Владимир Ли.

Жоба аясында құрылыс кезеңінде шамамен 500 адам жұмыспен қамтылса, өндірістің өзінде 125 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Зауытты іске қосу 2027 жылға жоспарланған.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!