• kz

ҚДБ және Ecoculture-Eurasia: агроөнеркәсіпке бағытталған инвестициялар

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Түркістан облысындағы «Ecoculture-Eurasia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ірі жылыжай кешеніне баспасөз-турын ұйымдастырды.

ҚДБ жалпы ауданы 51,88 гектар болатын, еліміздегі ауқымды аграрлық жобалардың бірі – жылыжай кешенінің құрылысына қаржылық қолдау көрсетті.

Агроөнеркәсіп саласындағы осындай бастамалардың маңыздылығы туралы Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумында атап өткен болатын. Президенттің айтуынша, ауыл шаруашылығының дамуы – ауылдардың, өңірлердің және тұтас елдің дамуы. Қазақстан бұл саладағы әлеуетін толық пайдалануға қажетті барлық ресурстарға ие.

Соңғы он жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,5 есеге өсті – 3,3 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге жетті. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті тағы екі есеге арттыруымыз қажет. Бұл – біздің қолымыздан келетiн міндет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жобаның жалпы құны 64,1 млрд теңгені құрайды, оның ішінде ҚДБ-ның қаржылық қолдауы – 50,8 млрд теңге. Банк ұсынған қаражат құрылыс-монтаж жұмыстарына және жоғары технологиялы жабдықтарды сатып алуға бағытталған. Бұл өңірдің климаттық жағдайына бейімделген және жыл бойы өнім өндіруге мүмкіндік беретін заманауи агротехнологияларды енгізуге жол ашты.


Жобаны жүзеге асыруда Қазақстанның Даму Банкі шешуші рөл атқарды. Қаржыландырудың арқасында біздің жылыжай кешенінде саланың озық технологиялары толық қолданылып отыр. Микроклиматты басқару, қоректік ерітінділерді беру, өсімдіктердің өнімділігін арттыруға арналған оңтайлы жағдай жасау – бәрі де ең жоғары стандарттарға сай, – деді «Ecoculture-Eurasia» жылыжай кешенінің басшысы Алексей Шеметов.

Ол журналистерге кешенді аралатып, өндірістік блоктарды, жабдықтарды және технологиялық үдерістерді таныстырды. Жылыжайда бір мезетте 12 түрлі гибридтегі томат сорттары және басқа да дақылдар өсіріледі. Жоба өңір үшін әлеуметтік жағынан да маңызды: мұнда мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Кәсіпорында кадр даярлаудың толық жүйесі іске қосылған. Жаңадан келген қызметкерлер алғашқы күннен бастап арнайы оқудан өтеді, кейін тәжірибелік жылыжай кешенінде тағылымдамадан өтіп, нақты учаскелерде практикалық дағдыларын бекітеді. Бүгіне дейін 100-ден астам қызметкер толық оқыту циклінен өтті.

– Бұл жобаны агроөнеркәсіп саласындағы біздің стратегиялық флагманымыз деуге болады. Ол ҚДБ-ның жоғары технологиялы, ауқымды бастамаларды қолдау арқылы Қазақстанның сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңірлік экспорттаушыға айналуына қалай ықпал етіп отырғанын айқын көрсетеді, – деді ҚДБ банкирі Сабира Катбаева.

Жоба сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы аграрлық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Жылдық қуаты 27 мың тонна көкөніс өндіруге бағытталған кәсіпорын өнімін Қазақстан нарығына және Ресейдің шекара маңындағы өңірлеріне – Сібір мен Қиыр Шығысқа жеткізуді жоспарлап отыр.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!