• kz

PwC рейтингі: ҚДБ – қаржы секторында ESG-ақпаратты ашу сапасы бойынша көш бастады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) PwC Kazakhstan жүргізген бағалау қорытындысы бойынша ESG-ақпаратты ашу жөніндегі жыл сайынғы рейтингтің ТОП-10 қатарына екінші жыл қатарынан енді.

Банкке «A» рейтингі берілді. Бұл ESG-ақпаратты жариялау сапасы мен ашықтығының жоғары деңгейін ғана емес, ҚДБ-ның қаржы секторындағы осы бағыт бойынша көшбасшылық орнын да айқын көрсетеді.

Бағалау Қазақстанның 98 ірі компаниясы арасында 165 өлшем бойынша жүргізіліп, тұрақты даму стратегиясы, экология, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару, есептілік практикасы және салалық талдау сияқты негізгі бағыттарды қамтыды.

ҚДБ рейтингтің ТОП-10 қатарына «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ және басқа да ірі компаниялармен бірге енді. Ал ESG-ақпаратты ашу деңгейі бойынша үздік қаржы ұйымдары арасында ҚДБ көшбасшылар үштігін бастап, бұл қатарға БанкЦентрКредит пен Отбасы банк те кірді.

Сонымен қатар Банк «Қаржы секторындағы ESG-ақпаратты үздік ашқаны үшін» (бірінші орын, «A» рейтингі) және «Корпоративтік басқару мәселелерін үздік жариялағаны үшін» дипломдарымен марапатталды. Бұл ҚДБ-ның корпоративтік басқару саласындағы ашықтығы мен басқару практикасының жоғары деңгейін дәлелдейді.

Осылайша, PwC Kazakhstan рейтингі Қазақстанның Даму Банкінің ESG-ақпаратты ашу мен корпоративтік басқару сапасы бойынша қаржы секторының жетекші институттарының бірі ретіндегі орнықты ұстанымын, сондай-ақ ашықтық пен жауапкершіліктің озық тәжірибелерін жүйелі түрде іске асырып келе жатқанын тағы бір мәрте растады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!