Жобаның құны 46,1 млрд теңгені құрайтын болады. ҚДБ 10,5 жыл мерзімге 30,5 млрд теңге сомасында қарыз береді. Жабдықтар сатып алу үшін қаржылық лизинг нысанында 3,6 млрд теңге қаражат беретін ҚДБ-нің еншілес ұйымы – «ҚДБ-Лизинг» те Жобаны қаржыландыруға қатысады. Қарыз алушының Жобаны қаржыландыру шеңберіндегі меншікті қаражаты 12 млрд теңгені құрайды.
ЖЭС қуаты 50 МВт болатын бірінші кезегін 2019 жылдың ортасына қарай салу жоспарланып отыр. Осы мерзім ішінде станция инфрақұрылымдық объектілермен қамтамасыз етіледі және Vestas компаниясы жасап шығаратын V112-3.3MW үлгідегі 15 жел генераторларымен жарақтандырылатын болады.
«Экологиялық аспект Жобаның маңызды бөлігі болып табылады. Осы жел паркінің пайдалануға енгізілуі парниктік газдардың шығарылымдарын жылына 230 000 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді, ал бұл 113 000 астам автомобиль шығарылымдарының жылдық көлемінен асып түседі. Жобаны іске асыру барысында жел энергиясын өзгерту бойынша өңірдің климаттық жағдайларына бейімделген жаңа әзірленімдер мен технологиялар кешені пайдаланылатын болады», - деп атап өтті ҚДБ Дирекциясының клиенттермен жұмыс жасау аға банкирі Айжан Битебаева.
Жел станциясының құрылысы аяқталғаннан кейін ол жаңартылатын энергия көздерінің есебінен 10 000 астам отбасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қабілетті болады, сол арқылы қазба отынын пайдалану көлемін қысқартады. «Жоба Қазақстанның парниктік газдардың шығарылымдарын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерінің орындалуына өз үлесін қосады, сондай-ақ ол біздің еліміздің «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Стратегиясына толық сәйкес келеді», - деді «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС директорының техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары Еділ Сарыев.
ЖЭС құрылысын салу барысында 300 дейін жұмыс орны, станцияға қызмет көрсету үшін – 20 дейін тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» қабылданған Заң және «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама» жаңартылатын ресурстарды пайдалануға ықпал етеді. Кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының шеңберіндегі экономиканың басым секторларының бірі - электр энергиясын өндіру саласы болып табылады. Осыған байланысты «ҚДБ-Лизинг» жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаны қаржыландырды», - деді «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқармасының төрағасы Нұрлан Байбазаров.
«ҚДБ-Лизинг» АҚ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Компания индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде инвестициялық жобаларды лизингтік қаржыландыруды жүзеге асырады.
«ЦАТЭК Green Energy» ЖШС – жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құрылған мамандандырылған компания.