Банк развития Казахстана
  • kz

ҚДБ Ұлттық Банк бағдарламасының шеңберінде қазақстандық автоөнеркәсіпті қолдауға 20 млрд теңге бөледі

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) ҚР Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қаражаты есебінен қазақстандық жеңіл автомобильдерді сатып алатын жеке тұлғаларды қаржыландыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерді кезең-кезеңмен кредиттеуді жүзеге асырады. ҚДБ осы мақсатта облигациялар шығару жолымен «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ-дан (ҚР Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы) қарыздануды жүзеге асырды. Жеңіл автокөліктер сатып алушыларға кредит беру ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен бекітілген Отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға кредит беру бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

photo5283141384666196884.jpg
Жаңа Бағдарлама шеңберіндегі 14,5 млрд теңге мөлшеріндегі бірінші транш мынадай коммерциялық банктерге жіберілді:
- «Қазақстан Халық банкі» АҚ (4 млрд теңге);
- «Сбербанк» АҚ ЕБ (7,5 млрд теңге);
- ВТБ Банк АҚ ЕҰ (Қазақстан) (3 млрд теңге).

5,5 млрд теңге көлеміндегі қалған бөлігін банктерге ағымдағы жылдың соңына дейін жіберіліп, олармен игерілетін болады.

ҚДБ оператор ретінде осы банктердің қаражатты игеруіне тұрақты мониторинг жүргізіп отырады.

Жаңа Бағдарлама бойынша кредиттеу шарттары қолданыстағы Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының критерийлеріне ұқсас:
- номиналдық сыйақы ставкасы – жылдық 4% аспайды;
- кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
- қарыз валютасы – теңге;
- жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны – 15 млн теңгеден аспайды.

Арзан автокредиттер ҚР жеке тұлғаларына – резиденттеріне отандық өндірістің жеңіл автомобильдерін сатып алуы үшін қол жетімді.

Жоғарыда көрсетілген шарттар бойынша сатып алушыларға «Азия Авто» АҚ және «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС өндірісі автомобильдерінің «Kia», «Chevrolet», «Skoda», «Hyundai», «LADA», «УАЗ», «JAC», «Peugeot», «Ravon» сияқты брендтерінің 46 моделі ұсынылған.

ҚДБ-ның 2015 жылы іске қосылған және 20 жылға есептелген Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының операторы болып табылатынын еске саламыз. Бағдарламаны іске асыруға жалпы сомасы 42 млрд теңге қаржы қаражатының төрт траншы бөлінді: 2015-2016 жылдары – Ұлттық қордан 26 млрд теңге сомасындағы бірінші және екінші транштар, 2018-2019 жылдары – Республикалық бюджеттен жалпы сомасы 16 млрд теңге үшінші және төртыншы транштар. Бағдарлама бойынша кредит беру револьверлік сипатты иеленеді: қолданыстағы кредиттерді өтеуден түскен төлемдер жаңа автокредиттерге бағытталады.

photo5283141384666196882.jpg

Жеңілдетілген автокредиттер 2015 жылғы Автокредиттеу бағдарламасы іске қосылған бірінші күннен бастап жоғары сұранысқа ие. Барлық транштарды және қаражаттың револьверлік игерілуін қоса алғанда, 2015 жылдан бастап 15,9 мыңға жуық қазақстандық жалпы сомасы 71,7 млрд теңгеге жеңілдетілген автонесие алды. Жаңа Бағдарлама елімізде құрастырылған жаңа автомобильдерді одан да көп қазақстандықтардың қолайлы шарттармен сатып алуына мүмкіндік береді. Бұл тұтынушыларға да, автоөндірушілерге де тиімді», -

-деп атап өтті Қазақстаннің Даму Банкінің басқарушы директоры Дастан Ахметов.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ елімізде құралсырылатын автокөліктер үшін жеңілдікті кредиттер берудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға оны іске асыру басталған күннен бастап қатысады, - деді «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Нұр-Сұлтан қ. өңірлік филиалы директорының орынбасары Татьяна Арзымбетова – осы жылдар ішінде отандық даму институттарымен ынтымақтастықтың арқасында әртүрлі транштар шеңберінде 14,6 млрд. теңгеден асатын сомаға 3,5 мыңнан астам клиенттер қаржыландырылды. Сол арқылы бағдарламаға қатысушылар «Азия Авто» АҚ және «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС сияқты отандық автоөндірушілерді қолдауға өз үлестерін қосады».

photo5283141384666196883.jpg

«Мемлекеттік бағдарламаның қолданылуы уақыты бойында жеңіл автомобильдер өндірісі 2015 жылман салыстырғанда толық емес 2019 жыл ішінде 2 есеге, яғни 29,8 мың автомобильге дейін ұлғайды, - деді ҚАБҚ вице-президенті Анар Мақашева, - жаңа бағдарламаның арқасында және ҚР уәкілетті органдарының қолдауы жағдайында 2800 астам жеңіл автомобильдер сатуды ынталандыру жоспарлануда. Бағдарлама қажетті, ол халыққа жеңілдік шарттарымен жаңа жеңіл автомобильдер сатып алуға мүмкіндік береді. Автоөнеркәсіптің басқа салаларды қамтамасыз ететін жүктемесін ескеретін болсақ, бағдарлама жұмыс орындары мен салық аударымдары түрінде қосымша әлеуметтік тиімділікті де қамтамасыз етеді».

photo5283057821782485823.jpg

Жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы қолданысының бүкіл кезеңі ішінде қаражатты револьверлік игеруді есептегенде Бағдарламаға қатысқан коммерциялық банктер жалпы сомасы 71,7 млрд теңгеге 15,9 мың автокөлік берді.

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының (ҮИИДМБ) аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

Halyk Bank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ) нарықта 95 жылдан астам уақыт табысты жұмыс істейтін және елде негізгі көрсеткіштер бойынша көш бастайтын Қазақстан Республикасының аса ірі коммерциялық банкі болып табылады. Банк өз клиенттерніне кең қызметтер спектрін (банк қызметтері, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару, инкассация және т.б.) ұсынатын Halyk тобына кіреді. Банк өз операцияларын Ресейде,Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және таяу уақыттан бері Өзбекстанда жүзеге асырады. Банк рейтингтері: Moody’s – “Ba1”, Fitch Ratings и Standard & Poor's – “BB”.

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі: тел. +7 727 2 590 301, pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79