Банк развития Казахстана
  • kz

Шымкентте метил-трет-бутил эфирін өндіретін зауыт пайда болады

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Шымкент қаласында метил-трет-бутил эфирін (МТБЭ) өндіретін жаңа зауыт (бұдан әрі – Жоба) салу үшін «Шымкент химия компаниясы» ЖШС-ға (бұдан әрі – Компания, ШХК) кредит желісін ашты. Жобаның құны 13,7 млрд теңгені құрайды, ҚДБ 10 жыл мерзімге 9 млрд теңге сомасында несие береді. . 4,7 млрд теңге мөлшеріндегі қалған қаражатты Компания өз есебінен толықтырады. Жоба Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылады.

12345.jpg

Банк берген қаржыландыру зауытты жобалауға, оның құрылыс-монтаж жұмыстарына, қажетті жабдықты сатып алуға бағытталады. Жобаның мақсаты Шымкент мұнай өңдеу зауытын (бұдан әрі – ШМӨЗ) жаңғырту шеңберінде ондағы қайта өңдеу процесі кезінде алынатын бутан-бутилен фракциясының мұнай-химия шикізатын қайта өңдеу тереңдігін ұлғайту есебінен Қазақстанның мұнай-химия саласын дамыту болып табылады. ШХК зауытында бутан-бутилен фракциясын одан әрі қайта өңдеу ШМӨЗ-де К4 және К5 экологиялық сыныптағы жоғары октанды бензиндер өндіру үшін пайдаланылатын метил-трет-бутил эфирін өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа кәсіпорынның жылдық қуаты – 57 мың тонна МТБЭ. Зауытты пайдалануға енгізу 2020 жылдың ортасында жоспарланған. Жоба іске асырылғаннан кейін зауытта 152 жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Жоба еліміздің мұнай-химия саласын дамытуда негізгілердің бірі болып табылады және ол ИИДМБ жобаларының Республикалық картасына кіреді. Осы жобаны іске асыру ішкі нарықтың, атап айтқанда ШМӨЗ-дің МТБЭ-ге деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

- деді ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров.
image-21-01-20-03-52-2.jpeg

МТБЭ – этилдендірілмеген автомобиль бензиндерін алу кезінде пайдаланылатын, құрамында оттегі бар негізгі жоғары октанды компоненттердің бірі. Ол бензиннің октандық санын арттыратын және отынның неғұрлым толық жанып кетуіне ықпал ететін мотор отындарына қоспа ретінде қолданылады. Қазақстан нарығының октан санын арттыратын қоспаларға деген жылдық мұқтаждығы 80 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда МТБЭ өндіретін, қуаты жылына 20 мың тоннаны құрайтын жалғыз кәсіпорын ғана бар.

Біздің Жоба МТБЭ өндіруде халықаралық көшбасшылардың бірі болып табылатын француздың AXENS компаниясының бүкіл әлемге танымал Etherification технологиясының негізінде әзірленген

- деді «Шымкент химия компаниясы» ЖШС бас директоры Манат Бибасов. 

image-21-01-20-03-52-1.jpeg

«Қазақстанның Даму Банкі» (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБүдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ) аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz). ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

«Шымкент химия компаниясы» ЖШС – 2016 жылдың ортасында құрылған жобалау компаниясы, ол «АЛМЭКС Проект» ЖШС-ның және «Delta Oil» ЖШС-ның меншігі болып табылады. Бейіндік саласы – өңдеу өнеркәсібі, атап айтқанда, компания мұнай өңдеу өнімдерін өндірумен айналысады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79