Атырау және Маңғыстау облыстары республика бойынша орташа айлық жалақы мен еңбек өнімділігі деңгейі бойынша 2010 жылдан бастап жетекші өңірлер болып қалуда. 2020 жылы Атырау облысында орташа айлық жалақы 367.6 мың теңгені құрап, орташа республикалық көрсеткіштен 72.91%-ға артты. Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі орташа айлық жалақы бойынша орташа республикалық деңгейге қатысты жоғары көрсеткіштен басқа, өңірде кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласында еңбекақы төлеу 2020 жылы да жоғары болды және республика бойынша деңгейден 258.9%-ды құрады. Бұл ретте, Атырау облысында ақпарат және байланыс саласындағы жалақы ел бойынша орташа жалақыға қатысты небәрі 65.1%-ды құрайды.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар жұмыспен қамтылғандардың басым үлесі (республика бойынша орташа 42.6%-бен салыстырғанда өңірдегі жұмыспен қамтылған халықтың 75.1%) 2020 жылы Алматы қаласында тіркелген. Бұл ретте орташа айлық жалақы өткен жылы ел бойынша орташа көрсеткіштен 16.7%-ға ғана асқан. Республикалық маңызы бар қаладағы еңбек өнімділігі республика бойынша орташа деңгейден жоғары болып қалуда, бірақ 2013 жылдан бастап өңір көрсеткішінің республика бойынша деңгейден асу серпіні төмендеу трендін көрсетуде.
Талдамалы деректер «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) корпоративтік сайтында орналастырылған Қазақстан Республикасының еңбек нарығына шолу (бұдан әрі – еңбек нарығы жөніндегі портал) бөлігінде жарияланған.
Перспективалы салалар мен тауар тауашаларын айқындау жүйесін әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыру шеңберінде ҚДБ Стратегия және үлкен деректер департаментінің қызметкерлері MS Power BI базасында «Қазақстан Республикасының еңбек нарығына шолу» жаңа талдамалық платформасын (бұдан әрі – еңбек нарығы жөніндегі платформа) әзірледі.
Еңбек нарығы жөніндегі платформаның мақсаты қалың бұқараға, оның ішінде бизнес-қоғамдастыққа Қазақстан Республикасының еңбек нарығы туралы статистикалық ақпаратты талдаудың қолжетімді және ыңғайлы құралын ұсыну болып табылады. Құрал әлеуетті инвесторларға инвестициялық жобаларды іске асыруға дайындау кезінде еңбек ресурстарының болуы мен құнын, сондай-ақ өңірлер бөлінісінде мамандануды ескеруге мүмкіндік береді.
Еңбек нарығы жөніндегі талдамалық платформа Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде жұмыс істейді. Еңбек нарығы жөніндегі портал 2010 жылдан бастап соңғы қолжетімді есепті тоқсанға дейінгі кезеңге ақпарат ұсынады.
- ел деңгейінде және әрбір өңір бөлінісінде, таңдалған жылдың есепті жылдары, тоқсандары бойынша, сондай-ақ 2010 жылдан бастап серпінде еңбек нарығының негізгі көрсеткіштеріне (жұмыс күші, жұмыспен қамту, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылған халықтың жас топтары бойынша және білім мәртебесі бойынша құрылымы және т.б.) талдау жүргізу бойынша функция;
- таңдалған жылдың есепті жылдары, тоқсандары бойынша да, 2010 жылдан бастап серпіні бойынша да экономикалық қызмет бөлінісінде ел өңірлерінің орташа жалақысы мен еңбек өнімділігі бойынша жан-жақты талдау жүргізу бойынша функция.
Жалпы, бұл талдамалық платформа Қазақстан Республикасы мен оның өңірлерінің еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері туралы статистикалық ақпаратқа толассыз талдау жүргізу, сондай-ақ деректерді ресми дереккөзден порталға автоматты түрде түсіру және құрылымдау бөлігінде жоғары икемділігімен ерекшеленетінін атап өткен жөн.
Талдамалық платформа Даму банкінің ресми сайтында үш тілде орналастырылған.
қазақ тілінде: https://www.kdb.kz/kz/analytics/analytical-portal-of-the-labor-market-of-the-RK/
орыс тілінде: https://www.kdb.kz/analytics/analytical-portal-of-the-labor-market-of-the-RK/
ағылшын тілінде: https://www.kdb.kz/en/analytics/analytical-portal-of-the-labor-market-of-the-RK/