Банк развития Казахстана
  • kz

Жаңалықтар

Field Trip Қарағанды облысына – Qaz Carbon және YDD Corporation кәсіпорындарына

Жақында Қазақстан Даму Банкі жетекші республикалық БАҚ өкілдерінің және танымал блогерлердің қатысуымен ультразаманауи және жоғары технологиялық кәсіпорындарға баспасөз-турын ұйымдастырды.


Индустриялық турдың қатысушыларына өндірістің бірегей технологиялары, өндірістік қуаттар және премиум класты отандық өнімдер таныстырылды, олардан зауытта атап өткендей, кейіннен Жапония, Корея және әлемнің басқа 47 елінде ұшақтар, мұзжарғыштар мен автомобильдер, оның ішінде Тойота сияқты маркалар дайындалады. Өнімнің 80% экспортқа кетеді. Қазақстандық ферроқорытпалар Nippon Steel, Hanwa, Marubeni Corporation, сондай-ақ люксембургтік ArcelorMittal және т.б. әлемдік нарық алыптары арасында жоғары сұранысқа ие.

Тур құрылысы ағымдағы жылдың қаңтар айында басталған жаңа Сарыарқа ферроқорытпа зауытын аралаудан басталды және онда қазір төрт пеште экспортталатын өнім балқытылуда. Зауытта барлығы сегіз пеш болмақ. Барлық процестер цифрландырылған, автоматтандырылған және өндірісті басқару орталығынан басқарылады. Қонақтарды көмір беру мен өнімді құюдың әр процесін тек мониторлардан ғана емес, сонымен қатар жоғары берік әйнек арқылы да байқауға болатын бақылау алаңы таң қалдырды. Бүкіл процесті 24/7 режимінде операторлар бақылайды. Жалпы Qaz Carbon кәсіпорнында барлығы 1 600-ден астам қарағандылық еңбек етеді.

Давид Кемертелидзе

Өндірістің бірегейлігі туралы зауыт акционері Давид Кемертелидзе айтып берді: «Қуаттылығы 8 мегаватт әрбір пеш тәулігіне 25 тонна қорытпа шығарады, өндірістің жалпы жобалық қуаты – жылына 57 мың тонна. Мұндай пештердің ерекшелігі - оларды үш сағат ішінде бір қорытпадан екіншісіне қайта конфигурациялауға болады».

Бұдан әрі бағдарлама бойынша ұйымдастырушылар беріктігі жоғары болат – ферроқорытпаларды жасау үшін қара металлургияда өмірлік маңызы бар байытылған көмір өндіру процесін ұсынды. Зауытта мұндай құнды көмір концентраты халықтың қажеттіліктеріне емес, металлургияға тотықсыздандырғыш ретінде арналғанын түсіндірді. Фабрикада көмірдің күлі 17%-дан 2%-ға дейін – өзіндік күлге дейін жеткізіледі. Бірегей фабрика небәрі жеті айдың ішінде салынды және ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосылды. Қазір кәсіпорын біртіндеп толық жобалық қуаттылыққа шығуда – бұл сағатына 300 тонна (бір жыл ішінде фабрика 1,8 млн тонна көмір концентратын өңдей алады).

казкарбон

Фабрика өнімін пайдаланатын тағы бір қарағандылық кәсіпорын – YDD Corporation компаниясы. Зауыттың жобалық қуаттылығы - жылына 180 мың тонна. Мұнда кәсіпорынның бас директоры Арсен Мейрембаев атап өткендей, күн сайын отпен ойнайтын 650-ден астам қызметкер еңбек етеді. Зауытта жұмысшылардың қауіпсіздігіне, әлеуметтік пакетіне және меритократиясына ерекше көңіл бөлінеді, мысалы, қызметкерлерге ай сайын 25% сыйлықақы төленеді және мансаптық өсу мүмкіндігі беріледі.

Кәсіпорындарда қатысушылар бұрғыш құбырлар, шаң мен газдың жоқтығын байқады. Себебі, бұнда 99,8%-ға жететін газды үш сатылы тазарту енгізілді. Бұл кәсіпорындарға ең жоғары экологиялық стандарттар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Осы бірегей зауыттардың құрылысын Қазақстанның Даму Банкі қолдады.

Абай Саркулов

Экспортталатын отандық өнімнің премиалдылығын атап өткен Даму Банкінің басшысы Абай Сарқұловтың сұхбаты қатысушылардың ерекше назарына ілінді: «Егер бірегейлік туралы айтатын болсақ, шикізат қоры қалдықтардан тұратындығын атап өткен жөн. Мұнда қалдықтардан премиум өнім: ферроқорытпа, көмір концентраты, агломерат шығарылады. Өздеріңіз көріп отырғандай, жаңа өндірістерде 4.0 индустриясы енгізілді. Мониторларда барлық технологиялық үдеріс көрсетіледі, датчиктер орнатылған. Акционерлер осы жобаны таныстырған кезде біз өнімнің сапасына назар аудардық. Кәсіпорындардың барлық өнімдері әлемдік нарықтарда жоғары сұранысқа ие».

Индустриялық баспасөз турының барлық қатысушыларына зор алғысымызды білдіреміз және сіздердің назарларыңызға пресс-турдан шағын бейнеролик ұсынамыз.


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79