• kz

Абай Сарқұлов ҚДБ Басқармасының төрағасы болып сайланды

Атрибут ALT для изображения
Абай Саркулов

А.Сарқұлов 2007 жылғы сәуір – 2017 жылғы ақпан аралығында Инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу басқармасының менеджерінен бастап Басқарма төрағасының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өтіп, ҚДБ-да жұмыс істеді. 2017 жылғы ақпан – 2019 жылғы сәуір аралығындағы кезеңде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның атқарушы органын басқарды.

А.Сарқұлов 1981 жылғы 13 тамызда Ақтөбе облысында туды. 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономика факультетін «Банк ісі» мамандығы бойынша үздік бітірді.

А.Сарқұловтың банк саласында мол тәжірибесі бар, ол 2002 жылы кәсіби қызметін Ақтөбе қаласындағы «Банк Тұран Әлем» АҚ филиалында тағлымгер позициясынан бастады. 2003 – 2007 жылдар аралығындағы кезеңде «Алматы» халықаралық банкі» АҚ-ның астаналық филиалында: валюталық операциялар бойынша менеджерден, директордың орынбасарының міндетін атқарушыға дейінгі лауазымдарында жұмыс істеді.

2016 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен А.Сарқұлов «Құрмет» орденімен марапатталды.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ (ҚДБ) ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79