Құрметті оқырмандар!
ҚДБ ұжымы оқырмандарға, журналистерге, клиенттер мен серіктестерге қаржы ұйымының қызметіне қызығушылық танытып, ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқандығы үшін алғыс білдіреді. Банк атына тұрақты негізде қазақстандық және халықаралық БАҚ-тардан, сарапшылар қоғамдастығынан және жұртшылық өкілдерінен сауалдар легі келіп түсуде. Өз қызметінің барынша ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамның ҚДБ іске асырып отырған реформаларға сенімін нығайту мақсатында осы бөлімде БАҚ сауалдарына берілген жауаптармен танысуды ұсынамыз.
Сайтта сауалға жауапты жариялау мерзімі сауалдың ҚДБ-ға келіп түскен күнімен даталанады. Бұл ретте бірегей авторлық материалды дайындау регламентін сақтау мақсатында жауаптар сайтта БАҚ-қа жіберілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кейін жарияланатынын хабарлаймыз.